Сенбі, 23 Қараша 2024
3256 0 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 08:19

Өзбекстанда танымал блогер-имам қызметінен кетті

Ташкенттегі «Тинчлик» («Бейбітшілік») мешітінің имам-хатибы болған, әлеуметтік желілерде шулы жазбаларымен танымал Шермурод Тогай қызметінен алынды.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) қызметкерінің сөзінше, Шермурод Тогай әлеуметтік желілердегі жазбалары үшін қызметінен алынған. Себебі оның жазбалары өзінің ортасындағы жамағатты екіге бөлуге себеп болған.

Аты-жөнін жасырған діни басқарманың қызметкері әділет министрлігі заңның орындалуын қадағалау басқармасының төрағасы Худоёр Мелиевтің ескертпесінен кейін, бас мүфти Усманхан Алимов Шермурод Тогайды қызметінен алу жөнінде шешім шығарған.

«Тинчлик» мешітінің имам-хатибы болып Саидбакир Довудов тағайындалған.

Наурыз айында имам Шермурод Тогай Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасында жемқорлық жайлаған деп мәлімдеді.

Ал 2 наурызда жұма намаз кезіндегі уағызда ол Өзбекстан үкіметі жанындағы дін істері комитеті қызметін сынға алып, имамдарды мешіттерде «Сәлафизм» ағымы бойынша уағыз айтуға мәжбүрлеп жатыр деген. Сол кезде Шермурод Тогай ӨМДБ төрағасы қызметінен кету керек деген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456