Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Сүйінші! 4962 25 пікір 11 Сәуір, 2018 сағат 17:32

Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Техника ғылымдарының докторы, профессор Саят Ыбыраев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бұл ақпараттың растығын оның адвокаты Абзал Құспаннан сұрап білдік.

«Қазір ғана соттан шықтым. Саят ағаларыңның бостандыққа шыққаны рас. Семей қалалық сотының шешімі бұзылып, бүгін ШҚО сотының аппеляция алқасының қаулысымен мерзімінен бұрын босатылды», - деді Абзал Құспан.

Айта кетейік, 2011 жылы Саят Ыбыраев «экстремизм» бабы бойынша 12 жылға сотталған болатын. Саят Ыбыраев түрмеде жатқан кезде Abai.kz ақпараттық порталы тағайындаған Алаш арысы Әлихан Бөкейханов атындағы тәуелсіз қоғамдық төс белгімен марапатталған еді. Сондай-ақ, оның жазықсыз сотталғанын алғашқы күннен бастап көтерген басылым ретінде ғалымның бостандыққа шығуымен бүкіл Алаш жұртын құттықтаймыз!

Abai.kz

25 пікір