Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Толғанай Стамалиева Сооронбай Жээнбековтің Ошқа "жеке отбасылық жағдаймен" ұшқанын растады. «Ол ағасының қаза болғанына бір жыл толуына орай өткізілген асқа барды», - деп түсіндірді баспасөз хатшысы.
"Қырғызстан президенті неге өзіне арналған жеке ұшақпен ұшпай, жолаушылар ұшағымен ұшты?" деген сұраққа Толғанай Стамалиева "оның сапары жеке отбасылық жағдайға байланысты болды" деп жауап берді.
Әлеуметтік желі қолданушылар президенттің бұл қадамын құптап жатыр. Олар басқа шенеуніктерді президенттен үлгі алуға шақырды.
Ал кейбір қолданушылар болса, Сооронбай Жээнбеков премьер-министр болып тұрған кезде де жолаушылар ұшағымен бірнеше рет ұшқанын айтады.
Abai.kz