Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
4502 0 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 09:04

Өзбекстан Ресеймен бірлесіп жаңа телеарна ашпақ

Өзбекстан Ресейдің «Первый канал» телеарнасымен бірлесіп екі елдің медиа-коммуникация саласының дамуына байланысты жаңа канал ашады.

Бұл Өзбекстанның ақпараттық технологиялар және коммуникация жөніндегі министрі Азим Ахмедхаджаев пен Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникация министрінің орынбасары Алексей Волин арасында талқыланған.

Келіссөзге Ресей президенті басқару ісінің, «Россия Сегодня», «Первый Канал», «Россия24» өкілдері қатысқан.

Атап айтқанда, ресейлік делегация өзбек әріптестерін Ресейдің сандық телеарнаға қалай көшкенін түсіндіріп, мобильді телеарна құруды ұсынған. Мұнан бөлек «Первый канал» арнасымен бірлесіп, ресейлік режиссёрлерді тарту арқылы Өзбекстанға еңбегі сіңген қайраткерлер жайында деректі фильмдер түсіру талқыланған.

Мұнан бөлек тараптар медиа саласындағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы форумдар мен семинарлар өткізіп тұруға келіскен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1525
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3146
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1138
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1055