Сенбі, 23 Қараша 2024
3079 0 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:29

«Мирзияевқа қастандық жасамақ болды» деп сотталғанның әкесі ұлын ақтауды сұрайды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Қырғызстанға сапары кезінде, оған қастандық жасамақ болды деген айыппен 15 жылға сотталған Дастанбек Сарымсаковтың әкесі ұлының кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.

Бұл жөнінде Дастанбек Сарымсаковтың әкесі Хурсандбек Сарымсаков Ошта өткізген баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

"Мирзияев Қырғызстанға 5 қыркүйекте келді, ал менің ұлымды 2 қыркүйекте ұстап әкетті. Оны «елшілікті, шіркеуді жарып, өзбек президентіне қастандық жасамақ болды» деп айыптады. Менің ұлым жалғыз өзі осының бәрін ұйымдастырмақ болыпты-мыс. Егер осылай болса, оның сыбайластары болуы керек ғой. Құқық қорғау органдарынан бұл жазаның ақиқатын ашуды талап етемін. Осы күнге дейін бірде-бір дәлел жоқ," – деді Хурсандбек Сарымсаков.

Былтыр 2 қыркүйекте 30 жастағы Ош облысы Гайрат ауылының тұрғыны Дастанбек Сарымсаков ұсталған болатын. Сол кезде құқық қорғау органдары оның көлігінен бір қап жарылқыш зат табылғанын мәлімдеген.

Бірақ сотталушының әкесі үйінде ешқандай жарылқыш зат болмағанын айтады. Оны тек азаптау арқылы мойындатты дейді Хурсандбек Сарымсаков.

17 сәуірде Ош облыстық соты Бекзат Осмонкулов Хурсандбек Сарымсаковтың барлық шағымын жоққа шығарды. Оның айтуынша, Дастанбек Сарымсаковты азаптау орын алмаған.

"Сот барысында ол Сириядағы содырлармен байланыста болғанын мойындады. Мұнан бөлек ол әлеуметтік желі арқылы бір адаммен байланысқанын, ол Ош және Бішкек қалаларында жарылыс жасауға шақырғанын мойындады", – дейді Бекзат Осмонкулов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413