Сенбі, 23 Қараша 2024
3379 2 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 09:53

Өзбекстан азаматы Стокгольмде теракт жасағанын жартылай мойындаған

Стокгольм орталығында теракт жасады деген күдікті Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов сот отырысы кезінде өзіне тағылған айыпты жартылай мойындаған.

Швеция радиосының хабарлауынша, Стокгольм соты 2017 жылдың 7 сәуірінде теракт болған кезде, сол жерде болған куәгерлерді тыңдаған. «Акилов 149 талап қоюшының 130-ының шағымын мойындады. Айыпталушы сонымен бірге жарылыс кезінде бес адамды өлтіргенін де мойындады», – деп хабарлайды Швеция радиосы.

Осының алдында Рахмат Акилов Швеция астанасындағы терактіні «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы лидерлерінің бірінің талабы бойынша жасағанын мәлімдеген.

Рахмат Акилов ісіне қатысты 13 ақпанда басталған сот отырысы 9 мамырда аяқталады. Ал сот үкімі маусым айының екінші жартысында шығады.

40 жастағы Өзбекстан азаматы Рахмат Акилов былтыр сәуір айында Стокгольм орталығындағы Дроттнинггатан көшесінде жаяу жүргіншілерді жүк көлігімен басып өткен.

Акиловтың адвокаты Йохан Эриксон ол теракт жасау арқылы Швеция үкіметін «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалициядан шығаруды көздеген деп айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383