Құдай қазақ елін соғыстардан сақтасын!
«Жау жоқ деме жар астында». Ресеймен Қазақстан арасында соғыс болмас, себебі: соңғы он жылда Ресейде экономикалық стагнация күшейіп келеді, ал соңғы төрт жылда халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Ресей екі соғысты басынан өткеруде – Сирия мен Украина. Бірақ кезінде әскери қуаты сарқыла бастаған гитлерлік Германия өзінің одақтасына – Италияға шабуыл жасаған. Мүмкін Ресей өзінің жәйсіз жағдайын келесі соғыспен мобилизациялауға ұмтылуы мүмкін. Қалай болғанда да, біз өзіміздің ұлттық қауіпсіздігіміздің жағдайын жан жақты ойластыруымыз керек. Осы ретте айтарым: халықтың ерік жігері, қуатты әскер ғана біздің одақтасымыз бола алады. Путин стратег емес, ол тактик, ол қысқа мерзімді жетістікті қалайтын қайраткер.
Украинаға Ресейдің жасаған оккупациясы және оның қауіпі бізге төнеген жағдайда қандай іс-қимылдар болуы мүмкін. Енді осыған болжам етіп көрейік.
1). Біздің билікті ыдырату мақсаты маңызды деп есептеледі. Елбасын бұрыс шешімдерге итермелеу арқылы ақпараттық әрекеттер ойластырылады. Сөйтіп, біздің биліктің ішіндегі қазақ ресейшілдерінің сатқындық әрі опасыздық әрекеттері өршиді;
2). Қазақстан билігінің ресейшіл персоналары Қазақстанның әскери қосындарына Ресейдің әскери қосындарына әскери қарсылық көрсетпеу туралы тұрақты түрде бұйрық беріп отырады. Естеріңізде болса, 2014 жылы шекарада украин әскері орыс әскеріне тосқауыл бола алған жоқ;
3). Ресей масс-медиясы ақпараттық соғыс жүргізеді: жалған ақпараттар таратып, қазақ билігін халық алдында дискредитациялауға қатты кіріседі;
4). Қазақстандағы орыс жұртшылығы «жаншылып жатыр, оларға қатты қысым жасалып, тілдік «кемсітулерге» ұшырауда» деп келетін телесюжеттер Ресей телеарналарында қаптайды да, бізге трансляцияланады;
5). Ниеті бөтен баспасөз «Ресей әскерімен қантөгіске бармаңдар, қарсылық көрсетпеңдер» деп қайталай беретін болады;
6). Ресейшіл кемпірлер мен әйелдердің әрекеттері ұйымдастылады. Олар Қазақстан гарнизондарын қоршап алып, қазақ әскерінен бауырлас халық – орыс әскерімен «қантөгіске бармауды талап етеді», истерикалық шабуыл жасайды;
7). Батыс елдері дипломаттары мен басшылары Ресеймен қантөгіске бармай ымыраласуды сұрайды;
8). Біздің әскери гарнизондар қалаларда әскери герилья тактикасын пайдалануы керек. Бұл әдіс Шешенстанда және Сирияда орын алды. Яғни қалаларға кірген жау әскерінің техикасын арнайы дайындалған топтар өртеп жіберіп отырады.
....................................
Бұны біз қауіп еткеннен айтып отырмыз. Задында, қазақ – бейбітшіл, ымырашыл халық.Қазақ жері кең байтақ, шекарасы мызғымас. Қазақ өз жерін қахарман ерлігімен қорғаған. Ал кездейсоқ агрессияға Қазақстан ұшыраса, қауіп төнген кезден бастап комплекстік шұғыл шаралар талап етеледі: әскери жағдай жәриялау. Әскери жағдайдың стандарттық талаптары бар. Ол жеке әңгіме. Әзірше Нұрекеңнің қазақты солтүстік өлкелерге көшіру, қалаларда әскери гарнизондарды орналастыру, пәтерлерді контракта отырған гарнизон сержанттары мен прапорщиктерге, офицерлерге беру шаралары маңызды. Тағы бір маңызды шара – НАТО-ның озық қаруларын сатып алу, олардың бір бөлігін өзімізде өндіру және әскери техниканы өзімізде құрастыру технологиясын игеру. Ресеймен соғыс бола қалса, ол ұзақ мерзімге созылмайды, мөлшері: 1.5-2 жыл, бірақ, ымыраласу кезеңі ұзаққа созылып кетуі мүмкін: 2.5-3.5 жыл. Құдай қазақ елін соғыстардан сақтасын!..
Әзімбай Ғали
Abai.kz