Ишағы ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ, Абайдың шөбересі: ӨСКЕМЕНДЕ АБАЙҒА ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАТЫНЫН ЕСТІП РИЗА БОЛЫП ЖАТЫРМЫЗ
Дана Абайдан Даниярға дейін
Осы біз ұлы Абайдың ұрпақтары жөнінде не білеміз? Асылдың сынық¬тары қайда жүр? Не істеп жүр? Бұл сауалдарға келгенде көпшілігіміздің күмілжитініміз рас.
Біле-білсек, ұлының ұрпағы болу¬дың өзі - жауапкершілік. Сол жауап¬кершілік жүгін кімдер арқалап жүр? Ақи¬қатын айтсақ, асылдың сынық¬тары бүгінде ат төбеліндей аз қалды. Саусақпен санарлықтай ғана. Олар кімдер? Айтайық.
Қазір Абай атамыздың бес ұрпа¬ғының көзі тірі. Ақылбаев Айдар Ақ¬тау¬да тұрады. Ол – Абай атамыздың шөбересі. Ақылбайдың Әлімқұл деген ұлының Бағфур деген баласынан туған. Ал Айдардың Данияр деген ұлы бар. Ол – дана Абайдың шөп¬шегі, бесінші ұрпағы, еркек кіндікті¬ден қалған жалғыз тұяғы, соңғы үміті.
Күлзипа Ысрайылқызы (1925 жы¬лы туған). Қазір Зайсанда. Ол – Ақыл¬байдың ұлы Ысрайылдың қызы. Ұлы ақынның көзі тірі немерелерінің бірі.
Апалы-сіңлілі Ишағы (1922 жы¬лы туған) мен Ғазел (1925 жылы ту¬ған) Жа¬ғыпарова. Бұл кісілер ұлы Абай¬дың өзіне тартып туған ақын ұлы, “Еңлік-Кебек”, “Медғат-Қа¬сым”, “Абы¬лай” поэмаларының авто¬ры Мағауияның бел баласы Жағы¬пардан тарайды.
Абай атамыздың көзі тірі ұрпақ¬та¬рының ішінде ең үлкені Ишағы апамыз. Қазір Алматыда тұрады. 87 жаста. Біз апамыздың үйіне арнайы барып, Хакімнің ұрпақтары жөнінде, өз өмірі турасында әңгіме-дүкен құрдық.
Құнанбай бабамның жасынан астым
Дана Абайдан Даниярға дейін
Осы біз ұлы Абайдың ұрпақтары жөнінде не білеміз? Асылдың сынық¬тары қайда жүр? Не істеп жүр? Бұл сауалдарға келгенде көпшілігіміздің күмілжитініміз рас.
Біле-білсек, ұлының ұрпағы болу¬дың өзі - жауапкершілік. Сол жауап¬кершілік жүгін кімдер арқалап жүр? Ақи¬қатын айтсақ, асылдың сынық¬тары бүгінде ат төбеліндей аз қалды. Саусақпен санарлықтай ғана. Олар кімдер? Айтайық.
Қазір Абай атамыздың бес ұрпа¬ғының көзі тірі. Ақылбаев Айдар Ақ¬тау¬да тұрады. Ол – Абай атамыздың шөбересі. Ақылбайдың Әлімқұл деген ұлының Бағфур деген баласынан туған. Ал Айдардың Данияр деген ұлы бар. Ол – дана Абайдың шөп¬шегі, бесінші ұрпағы, еркек кіндікті¬ден қалған жалғыз тұяғы, соңғы үміті.
Күлзипа Ысрайылқызы (1925 жы¬лы туған). Қазір Зайсанда. Ол – Ақыл¬байдың ұлы Ысрайылдың қызы. Ұлы ақынның көзі тірі немерелерінің бірі.
Апалы-сіңлілі Ишағы (1922 жы¬лы туған) мен Ғазел (1925 жылы ту¬ған) Жа¬ғыпарова. Бұл кісілер ұлы Абай¬дың өзіне тартып туған ақын ұлы, “Еңлік-Кебек”, “Медғат-Қа¬сым”, “Абы¬лай” поэмаларының авто¬ры Мағауияның бел баласы Жағы¬пардан тарайды.
Абай атамыздың көзі тірі ұрпақ¬та¬рының ішінде ең үлкені Ишағы апамыз. Қазір Алматыда тұрады. 87 жаста. Біз апамыздың үйіне арнайы барып, Хакімнің ұрпақтары жөнінде, өз өмірі турасында әңгіме-дүкен құрдық.
Құнанбай бабамның жасынан астым
– Ишағы апа, өзіңіз ұлы Абай¬дың ұрпағысыз. Ақынның төртінші ұлы Мағауияның Жағыпарының қы¬зы, яғни Абайдың шөбересі боласыз. Биыл 87 жасқа келіп қалған екенсіз. Әңгімемізді ұлы тұлғаның соңында қалған ұрпақтарынан бастасақ.
– Мен Абай атамыздың төртінші ұлы Мағауияның немересі боламын. Әкем Жағыпар - Мағауияның кенже баласы. Ол кісінің үш қыз, екі ұлы болған. Соның бүгінде көзі тірісі - сіңлім Ғазел екеуміз. Басқалары дү¬ние¬ден ерте қайтты. 60 жасқа да жеткен жоқ. Бәрінен менің жасым озды. Қазір 87-демін. Құнанбай қажы атамыз 86 жасында дүниеден қайтқан екен. Менің қазір ұлы бабамның жасы¬нан асқан жағдайым бар. Әкеміз 1934 жылы қайтыс болды. Мұғалім болып қызмет істеді. Оқыған кісі еді. Әкеміз дүниеден өткеннен кейін бас¬тапқыда бір туыстарымыздың қолын¬да тұрдық. Содан соң Семейдегі 11-ші мектеп-интернатта тәрбиелендік. Ин¬т¬ернаттың 9-сыныбында оқып жүр¬генде соғыс басталды. Алдымен отбасымыздағы ұлдар майданға аттанды.
– Білуімше, ұлы ақынның әу¬леті¬нен өзіңізді қосқанда 10 шақты адам майданға қатынасқан екен.
– Иә, біздің әулеттен оншақты адамның майданға алынғаны рас. Соның менен басқа ешқайсысы елге оралған жоқ. Бәрі хабарсыз кетті. Біз¬дің үйден менің ағам мен інім де со¬ғысқа қатынасты. Біреуінің аты Жо¬шы¬хан Мағауин еді. Өзі ақын бола¬тын. Соғыста жүріп қарындасы Ға¬зел¬ге өлеңдер жазады екен. Соғыста жазылған шығармалар жинағына Жошыханның екі өлеңі енгізілген.
– Өзіңіз де соғысқа қатыстыңыз емес пе?
– Мен майдан даласына 1942 жылы мамырдың 2-сі күні аттандым. Бір топ құрбыларыммен бірге. Біз семейлік үш-төрт қыз майданға өз еркімізбен әскери комиссариатқа барып тұрып сұрандық. Ұлдар кетсе, біз де кетеміз дедік. Жаспыз. Аңғал¬мыз. Мен небәрі 20 жастамын. Жас¬тықтың қызуымен майданға қалай сұ¬ранғанымызды да байқамай қал¬дық. Сол қыздардың ішінде көрнекті жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жұбайы Халима да болды.
1946 жылы 4 қаңтарда Алматыға келдім. Қалаға келгеннен кейін ҚызПИ-ге оқуға түстім. Одан кейін ол оқуды аяқтамай қазіргі Абай атын¬дағы Алматы педагогикалық инсти¬тутына сырттай оқуға тапсырдым. Өйткені, әпкем мен сіңлім болды. Еш¬қайсысы жұмыс істемеді. Жан бағу керек. Сөйтіп мен Алматыдағы Мелиорация және су шаруашылығы министрлігіне жұмысқа орналастым. Сол жерде қырық жылға жуық кадр бөлімінде қызмет істедім. Сол жерден зейнеткерлікке шықтым.
Абай атамның шөпшегі Ақтауда тұрады
— Мұхтар Әуезовпен қандай қа¬рым-қатынаста болдыңыз? Ол кісіні көрдіңіз бе?
– Әрине, көргенде қандай! Ол кісіні көріп қана қойған жоқпын, аялы алақанының жылуын, ағалық қамқор¬лығын сезіндім. Мұхтар ағаның Ма¬ғауия¬ның қызына қалай ғашық болға¬нын, қалай үйленгенін – бәрін-бәрін бес саусағымдай білемін.
Соғыстан соң Алматыға келгенде, ең алдымен түскен жерім де Әуезов¬тің үйі. Қалада Абай атамның Маға¬уия¬сының Уәсилә деген үлкен қызы тұратын. Соның қолына келіп тұрдым. Біз Мұхтар Әуезовтің үйінде көп бола¬тынбыз. Сонда Мұхаң “мен Мағауия¬дан тарағандарға аса көңіл бөлемін” дейтін. Өйткені, өзі Мағауияның қызы Кәмиләні алған ғой. Мағауияның Мұхаңа тиген Кәмиләсі ғана емес, Уәси¬ләсінің де, екі қызының да Әуезовке сіңірген еңбегі өте көп. Біз өле-өлгенше Әуезовтің үйінде бас қосып, кездесіп жүрдік. Әуезов Абай атамнан қалған ұрпақтарын жылына бір-екі мәрте үйіне шақырып қонақ қылатын, әңгімелесетін. Бізге айрықша қамқорлық танытты. Ерекше жақсы көрді. Бір жай есіме түсіп отыр. Айта¬йын. Мұхтар Әуезовтің “Абай жолын” жазып жатқан кезі екен. Соғыс уақы¬тында Абай атамның бауырында өскен Уәсилә апайымыз Әуезовтің күйеу баласы Мұсатай Ақынжановтың үйінде отырса керек. Мұсатай сол уақытта университетте сабақ берген, профессор болатын. Мұхаң осы күйеу баласының үйіне бір шаруалармен келіп қалады да, қонақ болып отырған Уәсиләні бай¬қап қалады. Мұхтардың 1927 жыл¬дан кейін Уәсиләні көріп тұрғаны сол екен. Мұхаң сол жерде Уәсиләні көр¬геннен кейін үн-түнсіз кетіп қалады. Кет¬іп қалады да, бірден жаңағы күйеу ба¬ласына телефон соғады. “Мен Уәси¬ләнің алдында ұяттымын. Оның Кә¬милә деген сіңлісін қатты ренжіттім. Уәсиләмен мен қалай кездессем екен, одан кешірім сұрауым керек” дейді. Мұсатай Ақынжанов Мұхтарға “Сен Уәсиләні үйіңе қонаққа шақырып, сосын кешірім сұра” деп кеңес береді. Уәсилә апайымыз сондай ақылды, бай¬салды, сабырлы жан еді. Сөйтіп, Мұ¬хаң Уәсиләні үйіне шақырып қонақ қылып, сіңлісін ренжіткенінің себебін айтып, арада қандай уақиға болғанын жеткізіп, кешірім сұрап оты¬рып былай дейді: “Мен қазіргі уақытта Абай атамды жазып жатырмын. Абай атам¬ның Кәмиләдай қызын ренжіт¬ке¬нім үшін қайтсем де жарыққа шығара¬мын. Сол арқылы өз кінәмді жуып-шаюға тырысамын” дегенде, Уәсилә апамыз “кешірдім, әкемді жазып, шы¬ға¬рып жатсаңыз, кешірмегенде қай¬темін” дейді. Мұхаң кешірім сұраған¬нан кейін олар жақсы араласып кетеді.
– Абайды жұрт қанша жақсы білгенімен ақынның соңында қалған ұрпақтары жөнінен көбі бейхабар. Осы туралы кеңірек айтып өтсеңіз. Бүгінде Абай атамыздың ұрпақтарынан көзі тірі кімдер қалды? Қайда жүр?
Қай жерде жұмыс істеп жатыр?
– Абай атамыздың ұрпақтарынан қазір көзі тірі бес адам қалдық. Соның ішінде үлкені - мен. Содан кейін туған сіңілім Ғазел. Қазір Алматыда тұрады. Ол кезінде Алматыдағы киноактер училищесін бітірген. С. Киров атын¬дағы Қазақ мемлекеттік универси¬тетінде оқыған. Ғазелді тәрбиелеп, үлкен өмір жолына түсірген – Мұхтар Әуезовтің өзі. Біз бәріміз соғысқа кет¬кен¬де Ғазел мына жақта жалғыз өзі қал¬ды ғой. Сол кезде ол Әуезовтің үйіне барады. Әуезов оны Қаскелеңдегі балалар үйіне орналастырады. Содан кейін университетке оқуға түсіреді. Университет бітіргеннен кейін біраз уақыт жұмысқа кіре алмай жүреді. Сонда Мұхтар Әуезов Шәкен Айма¬новқа айтып, оны көмекшісі қылып жұмысқа орналастырады. Біреу білер, біреу білмес, “Қыз Жібек” фильміндегі Қыз Жібек рөлінде ойнаған қызды менің сіңлім тауып берген. Оның Қыз Жібек рөліне лайық қызды іздеп, бар¬маған жері, баспаған тауы қалмайды. Семей барады. Жамбыл барады. Не керек, еліміздің бірнеше қаласын аралайды. Ең ақырында Алматыдағы бір мектепке келеді. Сол мектептің 8-ші сыныбында оқып жүрген бір қыз көзге түседі. Оны Шәкен Аймановқа алып келеді. Сөйтіп, сол қыз киноға түседі. Ол қыз - қазір елімізге танымал актриса Меруерт Өтекешова. Ғазел саналы өмірін киностудияда өткізді. Ұзақ жылдар бойы киностудияның жанынан құрылған Ш.Айманов атын¬дағы мұражайдың директоры болып қызмет атқарды. Қазір зейнеткерлікте. Абай атамыздың Мағауиясынан тараған көзі тірі ұрпағы осы екеуміз.
Ал ұлы атамыздың тұңғыш ұлы Ақылбайдан тараған екі ұрпақ бар. Оның бірі Ақылбайдың Ысрайылының қызы Күлзипа. Күлзипа ұзақ жыл Семей облысы, Абай ауданының Қарауыл ауылында тұрды. Мұғалім болып қызмет істеді. Қазір Шығыс Қа¬зақстан облысының Зайсан қаласында тұрады. Зейнеткерлікте.
Немере, шөбе¬ре сүйген бақытты ана.
Ал Ақылбайдың немересі Бағфур¬дан өрбіген ұрпақтар қазір Ақтауда тұ¬рып жатыр. Олар Ақылбаев Айдар мен оның ұлы Данияр. Айдар Абай атама шөбере болса, Данияр шөпшек болып ке¬леді. Айдар 1949 жылы дүние¬ге кел¬ген. Мамандығы мұнайшы. Ұзақ жыл¬дар осы салада қызмет істеді. Әлі де ат үстінде. Бүгінде 60 жасқа келді. Да¬нияр 1971 жылы өмір есігін ашты. Ал¬ты жыл Санкт-Петербургте оқыды. Ма¬мандығы мұхитта¬нушы. Елімізде мұн¬дай мамандық алған жандар өте сирек. Сол сиректің бірі, дана Абайдың шөпшегі Данияр. Отбасын құрған. Екі қызы бар. Абай атамыздың ұрпақтары арасында бүгінде көзі тірі еркек кіндіктен қалған жалғыз тұяқ, жалғыз ұл осы Данияр. Сондықтан оған артар сеніміміз мол. Ұлы атасының ұрпағын ғасырдан ғасырға жалғай берсін.
Шәкәрім атам мені сары қыз дейтін
– Өкінішті болса да айтайық, Өске¬мен қаласында әлемге әйгілі Абай атамыздың атында ескерткіш жоқ. Осы мәселені Шығыс Қазақстан облы¬сының әкімі Бердібек Сапарбаев кө¬теріп жатыр. Алла сәтін салса, іс оңы¬нан шешілмек. Абайдың ұрпағы ретінде сіз не айтар едіңіз?
– Абай атамыздың өзінің туған жері, кіндік қаны тамған алтын бесік атамекені Шығыс Қазақстан облы¬сын¬да, әсіресе оның орталығы Өске¬мен қаласында еңселі бір ескерткіші¬нің болмауы ұят нәрсе. Абай – қа¬заққа ғана емес, әлемге ортақ тұлға. Республикамыздың әр аймағындағы қалалардағы Абай атамның ескерт¬кіш¬тері, көше атаулары мен универ¬ситет, мектептерді былай қойғанда, ол кісінің атында Германияның аста¬насы Берлинде көше бар. Осыдан бір-екі жыл бұрын Мәскеуде ескерт¬кіш тұрғызылды. Сонда әлем құр¬меттеген Абайдың қадіріне өз жері, өз топырағы жете алмағаны ма? Абай атама ескерткіш баяғыда қойылып, көше аты ендігі берілуге тиіс еді. Облыс әкімі, белгілі азамат Бердібек Сапарбаев Абай атама ескерткіш қой¬ып жатса, оған дән ризамыз. Аза¬маттың еңбегі жемісті болсын. Біздер енді қартайдық. Асарымызды асадық, жа¬сарымызды жасадық. Абай атамыз¬ға көрсетілген құрмет – сол дананы дүниеге әкелген халыққа көрсетілген құрмет. Ендеше, игі іс оңынан бол¬ғай!
– Өзіңіз Абай атамызға қатысты шаралардың барлығына қатысып, басы-қасында жүретін шығарсыз?
– Қатысамын. Барамын. Үнемі шақырып тұрады. Семейге бірнеше рет бардым. Бәріне қатысамын. Барлық жерге шақырады. Қалдырмайды. Астанада неше мәрте болып қайттым. Мен туралы үш-төрт кітап та жазылған.
Былтыр Шәкәрім атамның басына барып қайттым. 150 жылдығы бол¬ды ғой. Мен ол кісіні көрген адаммын. Ол кісіні ГПУ атқанда мен он жастамын. Біздің үйге келіп тұратын. Үнемі кебіс, мәсі киіп жүретін. Шәкәрім атам мені сары қыз дейтін.
— Жидебайға барып тұрасыз ба?
– Барып тұрамын. Әке-шешемнің сүйегі сонда жатыр. Ақшоқыға қойылған. Өз әкем Құнанбай қажының қасына жерленген. Әкемнің ше¬шесі, қарындасы барлығы сол жерде. Бізге де олай-бұлай болып кетсек, сол жақтан топырақ бұйырар...
– Жыл сайын барып тұрасыз ба?
– Жыл сайын бара алмаймын. Денсаулық көтермейді. Олай-бұлай көп жүре бермейміз. 90-жылдары Мұхтар Құл-Мұхаммед “Атамұра” кор¬по¬рациясын басқарып тұрғанда жаңа жылдың бірінде банкет ұйымдастырып, зиялыларды, бізді шақырды. Бір жолы сондай шақырудың бірінде Мұхтар былай деді: “Осында Абай атамыздың ұрпақтары, Мағауияның екі қызы, біздің апайла¬рымыз отыр. Осы екі апайыма мен өзімнің корпорациямның атынан 20 мыңнан зейнетақы тағайындаймын. Ишағы апайға, Ғазел апайға”. Бір-екі ай өткенде өзі Астанадан арнайы келіп, бізді шақырып алып, қаулысын шығарып, өмір бойына зейнетақы тағайындады. Әлі күнге алып тұрамыз. Әуезовтен кейін бізге көмек қолын созған – осы Мұхтар Құл-Мұхаммед бауырымыз. Ол көп кісіге қарайласады. Әлгі, тікұшақ құлағанда біраз кісі мертікті, ал Мұхтардың аман қалғаны да содан болар. Соның бәрі елдің алғысы, ақ тілегінің арқасы ғой. Қайда жүрсе де, аман болсын, айналайын! Елі үшін туған азамат қой. Айтпақшы, елімізге белгілі Сиязбек Мұқашев деген азамат бар. Сол кісі Абай атамызға шөпшек болып келеді. Абай атамыздың үлкен атасы Ырғызбай жағынан туыс. Өзі бір кең-пейілді азамат. Абай атамның, Шәкәрім атамның тойларын атаусыз қалдырған жоқ. Ас беріп, мал сойғызды. Қазір 70-те. Астанада тұрады.
Азамат ҚАСЫМ.
«Егемен Қазақстан» газеті 6 маусым 2009 жыл