Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 6456 0 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 11:14

Сакура еліне саяхат

Жақында Алматыдағы кәсіптік-техникалық білім беретін колледж директорларынан ұйымдасқан делегация Жапон еліне   іс-сапарда болып, білім берудің Жапондық озық тәжірибелерімен танысып қайтқан еді. Сол сапарда Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің директоры,  "Ы.Алтынсарин " төсбелгісі, "білім көшбасшысы" төсбелгісі және "білім саласының мақтанышы" орденінң иегері, профессор Талғат Мамырұлы да болды. Талғат Мамырұлы сол сапардан келгенсоң Сакура елінің жәй-жапсарын, екі елдің білім беру жүйесін салыстыра отырып аңгімелеп берген еді.

 

Алаштанушы ғалымдар «Әлихан Бөкейхан Мэйдзи бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде  артта қалған аграрлық елден 21жылда әлемнің ең дамыған мемлекетіне айналған Жапонияның тәжірибесін үлгі етіп, Алаш-Қазақ елін 20-25 жылда әлемнің төріне жеткізуді жоспарлады»,- дейді. Әлихан бастаған Алаш қайраткерлеріне бұл мүмкіндік берілмесе де, олардың бастамасы бүгінгі таңда іске асып жатыр. Cонымен, біздің Алаш ардагерлері назар аударған Жапон еліне - Сакура еліне барып қайттыңыздар. Не көріп, не түйдіңіз ойыңызға?

- Алаш зиялылары 20 ғасырдың бас шенінде  Жапонның мықты дамып кеткенін айтып, үлгі тұтсақ деген мұраттары ол кісілердің шынында да даралығын көрсетеді. Сол кездегі тарих олардың ұлы мұраттарын орындауға жол бермегенмен күн өткен сайын олардың идеялары бізге жалғасып, жемісін беріп, нәтижесін тауып, ол кісілердің ұлылығы  асқақтап  келеді.

Ал Жапония сапарына оралсам, Білім және ғылым министрлігі Алматы қалалық Білім басқармасының ұйымдастыруымен Алматы  қаласындағы  үздік саналатын, Республикаға танымал, теxникалық-кәсіптік білім беретін 13,14 колледждің директорларынан құралған топ 18 наурыздан 25 наурызға дейін Жапон елінде іс-сапарда болып қайттық. Бұл сапарда Жапон еліндегі кәсіби-техникалық білім беретін колледжердің қалай жұмыс жасайтынын, Жапон елінің бұл салаға көңіл бөлуінің, даму жағдайының, инновациялық жаңа тәсілдерді қолдануының, техникалық білім беру үлгілерінің қалай екенін көріп, танысып, зерттеп, олардың озық жетістіктерін өзіміздің елге қолдансақ деген мақсат болды. Сол мақсатымыз орындалды, біз барған сол 6,7 күннің ішінде бір күнде бір колледжден аралап, таныстық. Жалпы 7 колледжбен таныстық, жетеуі жеті бағытта мамандар дайындайды екен.

Бүгінгі таңда Жапон елі әлемдегі дамыған елдердің алдыңғы қатарында, эконмикасы 3 - орында тұр. Соның ішінде ғылым-техника саласында да ең алда келе жатқан мемлекет болып табылады. Кәсіптік білім беруде де жапондар үздік екен. Кәсіптік білім беретін мекемелердің техникалық-материялдық базасы өте тамаша жабдықталған. Әр істеріне мұқият қарап, білім сапасына өте мән береді екен. Сонымен бірге тек теориялық ғана емес, мамандарды практикалық жақтан дайындауға, олардың дербес жұмыс істеуіне,  теориялық біліміді оқи жүріп, лабораторияның өзінде сол жұмыспен іс-жүзінде қолмен істеп көрсете алатын және өнеркәсіптік кәсіпорындарда, қызмет көрсететін кәсіпорындарда өз бағыты бойынша білімін нақты іспен үйлестіре алады  екен.   Олардың тағы бір керемет жері - ұстаздардың ішінде теориялық білім беретіндері аздау екен де, басым бөлігі өндірістік кәсіпорындардағы, қызмет көрсететін кәсіпорындардығы нақты қызмет алаңындағы практикалық біліміге бай, тәжірибелі мамандар шақырылып, практикалық білімдерді мейлінше мол береді екен, сондықтан студенттер қоғамдағы қажеттілкке, ертеңгі күні жұмысқа жарамды шебер маман ретінде жетілуге оқу мерзімінің ішінде қол жеткізе алады екен.

 

Сонда оларда оқу орны мен кәсіпорындар маманды бірге дайындайтын болып отыр ғой, біздің елде бұл жүйе қолға алынды  ма?

- Біздің елімізде соңғы 15 жылда қолға алынып жатыр. Көптеген өзгерістер бар.  Қазақстандық теxникалық-кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасы жасалды, Шетелдің озық тәжірибелерін енгізіп, соңғы жылдары бұл жүйе алға жылжып келеді. Елбасы көп маңыз беріп отырған, жаңа заман талабына сай келетін, әлемдік бәсекеге  қабілетті, білікті мамандарды дайындап шығару күнтәртібінде тұрған  өзекті мәселе. Соған байланысты еліміз техникалылық мамандықтарды дамытуды, оған басымдылық беруді алға қойып отыр. Соңғы жылдары президентің жолдауында жаңа кәсіби техникалық білім алудың жаңа жүйесі көрініс тапты. Ол-  тегін білім беру. Қазір Үкімет мемлекеттік оқу орнындарында болсын, жеке меншік оқу орнындарында болсын, білім алатын студентке мемлекет үлкен жол ашып, көмек көрсетіп отыр, қаншама гранттар бөліп отыр. Биылғы жылдың өзінде Елбасының 5 әлеуметтік жоба туралы ұсынысында бұрынғы жоспардан тыс қосымша гранттар қосуды ұсынды. Бұл дегеніміз - біздің елде бұл салаға өте үлкен қамқорлықтардың жасалып жатқаны. Ендігі мәселе оның сапасын инновациялық тұрғыдан дамытудың жаңа жолдарын қарастыру болып табылады. Біздің сапар мақсатымыз да осы  кәсіби техникалық білім беру саласын екінші кезеңге өткізу үшін барлау, зерттеу мақсаты болған.

Жапон елінен үйренетін қандай тұстарымыз бар екен?

- Жапония шығыстағы дамыған мемлекеттердің ең озық үлгісі ғой. Олар өзінің ұлтық құндылықтарын, бұрынғы дәстүрін сақтай отырып, бүгінгі өркениеттің даму деңгейіне көтерілген халық. Олардың менталитеті, мәдениеті жақтарынан бізге жақындықтары көп екен. Өте инабатты, мәдениетті, әрбір істерінен тиянақтылықты, мұқияттылықты байқадым. Өте таза, тыныш, айғайлап-шулаған ешкімді көрмейсің, иіліп аман-сәлемін жасап жатқан адамдарды, қарбалас жұмыс жасап жатқан жанкешті еңбекқор  кісілерді көресің. Технологиялық прогрестің барлық озық үлгісін көре аласың, бүкіл өндірістің, оқудың процесіне бәрі енгізілген. Бізде де «сифрлы Қазақстан» жобасы қолған алынып отыр ғой. Бұл технологияның дүниежүзілік озық үлгісі. Бүкіл өмірдің әрбір процесіне енгізу - адамдар өзінің жұмысын әрі тез, әрі ыңғайлы шешіп, жұмыс өнімділігін арттыру үшін керек, ақпараттарды тезірек қабылдау үшін, берілген тапсырманы тез орындау үшін ролы өте жоғары. Жапонияда соны көзімізбен көрдік. Оқу процесінде қағаз, құжаттарға дейін қағазбастылық емес, архив, кітапханаларына дейін көрдік, бүкілдей ақпараттық жүйемен қамтылған. Басасың кітап сұрайсың, жетіп келеді, электорнды кітап сұайсың, ашылады. Біз бір дизайын колледжінде болдық, сол колледжде бүкіл процес соншама автоматтандырылған. Бір киімді тігудің бірінші қадамы кісінің өлшемін автоматты құрал арқылы 3D, 4D арқылы өлшеміңізді алады да бірден компьюторға түседі де сол өлшем бойынша кескініңізге қарай денеңіздің барлық құрлымын айқындап шығарады.   Соған қарап макет жасалады, макет бойынша киім пішіледі де автоматты түрде тігінге жіберіледі. Тағы осы киімге қажетті маталар туралы барлық ақпаратты да автоматты жүйеден таба аласыз, өзіңізге керекті матаның құрамын, түсін, сапасын т.б көрсекіштері бойынша қалауыңыздағыдай таңдау жасай аласыз. Жалпы бүгінгі озық технологияларды  оңтайлы пайдалануға  мейлінше мүмкіндік берілген. Сондықтан біздің елдің Жапон елінен үйренетін,  бізге керек дейтін жерлері өте көп.

Біз барған наурыз айы  Жапондардың ұлттық символы боып табылатын Сакура ағашы гүлдейтін мезгіл екен. Сакрура гүлі сондай әдемі, керемет жайнап тұр. Наурыз айы оларда да жыл басы болып саналатыны бізге ұқсайды. Оқу жылы, жұмыс жылы да наурыздың соңы сәуірдің басына  қарай басталады екен, жылдың наурызда басталуы қазақпен жапон xалықтарының арғы тариxы астасып жатқандай ойға жетелейді . Соңғы 50 жылдан бері сакура ағашы гүл ашқан мезгілде қар жаумаған екен, біз барғанда бір күн қырбақ қар жауды. Оны жақсылыққа ырымдап, сіздер келгенде таңғаларлық жағдай болды деп ризашылықтарын білдіріп жатты. Мұқиттар қоршап тұрғаннан болу керек деп ойладым, Жапон елінің ауасы өте таза, мегаполис Токионың өзінде көкжайлауда жүргендей күй кешесің. Шашіліп жатқан, қоқыр-қоқысты  көзіміз шалмады, шаң дегенді мүлде елесте алмайсың, ішетін суы таза, тағамдары құнарлы да дәмді, экологиялық таза. Сонансоң адамдардың мәмілесі ұнады. Олар баяғыдағы Самурай рухын жаңа заманға лайық бағытқа бұрып, ішкі жан-дүниесінің мықтылығы арқылы дүниені өзіне бағындырып тұрғандай сезілді. Бұрынғы самурайлар соғыспен болса, олардың бүгінгі ұрпағы ғылыммен, біліммен, еңбекқорлығымен, өзін меңгеу тәртібімен, тыңғылықты да мұқият іскерлігімен, парасат-мәдениетімен ішкі жан дүниелерінің қуаттылығын әлемге әйгілеп тұрғандай. Міне дәл осы қасиеттер біздің  бүгінгі қазақ баласына да нағыз  өнеге боларлық дүниелер ғой деп түйдім.Жапондардың жер көлемі қазақстанмен салыстырғанда алақандай  ғана ғой, соның әр пұшпағын тиімді, пайдалы етіп бәрін мұқият керекке жаратып отырғаны аңғарылады. Жапондарда елін бүгінгі биікке жеткізу жолында Германияның, Американың тағы басқа дамыған елдердің  озық үлгілерін үйренген, сол арқылы өзінікін жетілдірген. Бүгігінгі күнде болдым, толдым дем  масаттанбай, сол қалыптан таймаған екен. Бұл әлемдік тәжирибе. Біздің де ата-бабаларымыз самурайларды сан орап кететін батыр, парасатты, қуатты, руxы биік xалық болған ғой. Олардан бізге мұраға қалған бүгінгі Қазақ жері өзі қандай ұлан-байтақ , қаншама байлық бар, қаншама мүмкіндігіміз бар.  Солардың бүгінгі ұрпақтары жаподар сиақты ежелгі бабаларының руxани қазынасын бүгінгі заман тынысына сай жаңғыртып  әлемдік қауымның алдыңғы легіне өттсек қой деген ой әлсін-әлсін мазалайды. Сондықтан да жапондардың, американдардаң, немістердің, тіпті іргеміздегі қытайлардың озық тәжірибелерін үйреніп, керегін өзімізге лайқтап енгізсек, ата-баба руxын жаңғырытсақ, бойымыздағы бойкүйездік, жалқаулық, табансыздық, ұқыпсыздық, ысырапшылдық т,б кінараттардан арылсақ әлі-ақ көздеген нысана  - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылып, мәңгілік ел болу - мұратымызға  мызғымас ірге қалайтынымызға еш күмән жоқ.

 

Жапон еліндегі студенттерден не байқадыңыз, онда студенттік тұрмыс қалай екен?  

- Жапон елі халықаралық білім беру қауымдастығына белсенді қатысып отырған  мемлекет. Бүкіл батыс пен шығыс, Азия, Африка елдерінің бәрінен келіп оқып жатқан студенттер бар. Өз жастары да шетелдерге  көптеп оқуға шығады.. Олардың 2020 жылға дейін Жапонияда оқып жатқан шетел студенттерін 300 мыңға жеткізіп, ал өздерінен 120 мыңнан аса жастарды  шетелге шығарып оқытуды стратегиялық жоспарларына енгізіп қойыпты. Ал бұл цифырлар өте ауқымды екенін бақауыңызға болады. Студенттер өте қызығушылықпен мұқият ізденісте екен. Зертханаларда, кітапханаларда, дәрісханаларда өте мұқият сабақ тыңтап отырған, оқып отырған, зерттеп отырған, зертханада жұмыс жасап отырған студентті көресіз. Сенбі күні оларда сабақ болмайды екен, сол күннің өзінде өз еркімен келіп, сол колледже өзінің жұмысымен айналысып жатқан студенттер көп. Сол колледжердің ішінде студенттің өз мамандығынан тыс  қызығушылғымен айналысатын зертханалар да бар екен. Жаплы студенттерге барлық мүмкіндік жасалған. Бізде де соңғы жылдары мемлекет жағынан   сондай зертханалар мен заманауи құрал жабдықтармен жасақтау ісі қолға алына бастады,  дегенмен түрлі себептерге байланысты қазір олар студенттерге  дәл жапониядағыдай мүмкіндік беріп отыр деп айта алмайсыз. Екіншіден сол зертханаларды іске қосатын білікті маман жетіспейді.

Жапонияға біздің елден барып оқып жатқан студенттер көп пе?

- Жапонияға барып оқып жатқан студенттеріміз өте аз. Небәрі 127 қазақстандық білім алушы  оқып жатыр екен. Олардың аз бөлігігі кәсіби техникалық салада, біраз бөлігі тіл үйренуде одан кейінгілері магистратура мен докторантурада оқиды. Бұл цифыр өте аз деуге болады.

Қазақстан мен Жапон қарым-қатынасы еліміз  Тәуелсіздік ала салып басталғанымен сондай жақсы дамып кете алған жоқ. Себебі он өлшеп, бір кесетін жаподар Орталық азия  мемлекеттері мен Қазақстанды геосаяси, инвестициалық климатық мүмкіндігі  жағынан көп зеріттеп барып, соңғы жылдары ғана  батыл ынтымақтастық қадамға көшті. Екі елдің сауда-эконмикалық,инвестициялық  мүмкіндіктері дамып келеді. Болашақта бұл қарым-қатынас бұданда жақсы дамиды деп ойлаймын. Оның үстіне біздің елдің индустриалды инавациялық бағдарламасы, Цифырлы Қазақстан бағдарламасы қауырт жүріп жатыр, мен айтып отырған кәсіби-техникалық білім беру жүйесі соларды орындайтын кәсіби білікті жаңа буын теxникалық мамандар мен қызмет көрсету саласының мамандарын көптеп дайындауды қажет етеді. Ендеше біз айтып отырған істерді баяғыда жасап алған  жапония секілді  мемілекетпен тығыз қарым-қатынаста болғымыз келеді. Олардан үйренетін нәрсеміз өте көп. Өйткені біздің мемлекет білім берудің кәсіби техникалық бөліміне ерекше мән беріп отыр. Сондықтан ынтымақтастық керек. Олардан үйренетін, алатын  нәрсе көп. Сондықтан бұл статистика алдағы уақытта   өседі деп ойлаймын.

 

Жапон елі сияқты бірқатар шығыс елдерінде жоғарғы оқу орнына түсіп оқитындардан көрі кәсіптік техникалық білім алғысы келетіндер көп. Ал бізде керісінше бәрі жоғарғы оқу орнының дипломын алып шыққысы келеді. Бұл көзқарасымыз қашан өзгереді?

- Бұл әлі де болса халық санасындағы бір сілкіністі қажет етеді. Көп адам бұрынғы жүйенің қалдық санасынан тек ғана жоғары білім алу керек. Университетті бітірсе ғана жұмысқа тұру мүмкіндігі жоғары деген ұғым қалыптасып алған. Іс жүзінде олай емес, бізге жетіспейтіні кәсіби-техникалық бағыттағы мамандар. Екіншісі туризм, аударма, қонақ үй шаруашылғы, аспаздық сияқты қызмет көрсету саласындағы мамандар. Бұл салаларға деген халықтың көзқарасы әлі дұрысталған жоқ. Бұл салаларды қиын кәсіп көру мен оған барсаң қара жұмысшы болып қаласың дейтін сана кедергі болып келе жатыр. Дегенмен, біздің елдің даму стратегияларының ақырындап жылжуына байланысты тоң жібіп  келе жатыр. Бұған енді көптеген үгіт нәсихатар  және нақтылы мысалдар арқылы жүзеге асыру керек. Жапон елінде бұл мәселе әлдеқашан шешілген. Ешкім ондайға қарамайды. Керісінше жоғарғы оқу орнында оқитындардың саны пайыздық мөлшерде аз екен. Ол жерде жоғарғы оқу орнында оқитындар арнайы ғылыммен шұғылданатындар сияқты жоғары білімді қажет ететіндер ғана барады екен. Көп адамдар теxникалық салада жұмыс істейді екен. Жапонияда 4,5 колледждер тобы корпорацияы  бар. Жалпы 90 пайыздай колледж жеке меншік колледж болып табылады екен. Мемлекеттік оқу орындары аз, олар тек  стратегиялық мақсатта маман дайындайтын аздаған ғана колледждер екен. Жалпы көп санды студенттер жеке меншік кәсіптік білім беретін оқу орындарында тәрбиеленеді екен. Сондықтан бұл жағы бізге үлкен өнеге.

Кәсіптік білім алушылар көбейді дейік, сонда бұл саладағы білім беру жүйесі заман талабына сай ма? Біздің колледжердің түлектері дерліктей жұмысқа орналаса алады ма?

- Біздің елде кәсби-техникалық білім беретін мыңға жуық колледж жұмыс істейді. Оның 82-сі Алматыда. Сол мыңға жуық колледждердің  бәрі бірдей деңгейде деп айта алмаймын. Әр өңірде әртүлі колледждер бар. Деңгейі әртүрлі. Дайындайтын бағыттары министрліктен берілген арнайы бағдарламаға сәйкес жүреді. Барлығының материялдық-техникалық базасы бірдей деп айту қиын. Әрі бірыңғай деңгейге көтерілген жоқ. Дегенмен Алматыдағы колледждер салыстырмалы түрде Республика бойынша көп жағынан алда келеді. Оның ішінде осындай шетелдің тәжірибесін енгізіп жақсы жұмыс жасап жатқан үздік колледждер де бар. Дәл қазіргі кезде біздің елдегі бір қиыншылық колледжерде дайындалған түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі әлі толық шешілмей келеді. Әрине ұмтылыстар бар, кәсіпорындар мен колледждер бірігіп солардың қажеттілігіне дайындайтын мамандықтар бар. Енді заң жүзінде шешілмеген мәселелер бар. Біздің елімізде колледж түлектерін практикадан өткізетін, ертеңгі күні жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері әлі түбегейлі шешілген жоқ. Өйткені, біздің елімізде өндірістердің өздері аз. Қызмет көрсететін кәсіпорындардың деңгейі де соншалық жетілген жоқ. Осыған байланысты түйткілді мәселелер аз емес. Оның көбі заң жүзінде шешілуі керек. Бұл жақтардан бізге Жапония, Сингапур, Австралия, Германия әдістері үлгі болады. Германияда бұл жағы өте жақсы шешілген. Оны теxникалық - кәсіптік білімнің Дуалдық жүйесі дейді, студент 60 пайыз уақытын компанияда немесе өндіріс орнында өткізеді. Ол жерде студент пен ата-ана, оқу орны, кәсіпорын арасында үш жақты келісім-шарт жасалады. Заң бойынша бәрі толықтай шешіледі. Практикаға барған студентке кәсіпорын арнайы жетекші бөлініп, жетекші мен студентке еңбекақы тағайындап, студентке бар жағдай жасалады. Студент 60 пайыз уақытын кәсіпорында өткізіп, 40 пайыз уақытын оқу орнында теориялық білім алуға жұмысайды. Сондықтан олардың түлектері  нағыз практикалық шеберлер мамандар  болып шығады. Бір жағынан оқып жатады, бір жағынан өз қажетін қамдап жатады. Бұл жерде мемлекет қолдау көрсетеді, заң жүзінде студентті қорғайды.  Міне сол арқылы Германияның сапалы өндірісі бүкіл әлемге әйгілі.  Сонымен бірге Германияда білімді тегін береді. Оны біз де қолдана бастадық, бірақ практикалық білім беретін шебер, кәсіпорын әлі ондай заң жүзінде мүмкіндікке ие болған жоқ. Тек оқу орнына жүктеп отыр. Оқу орны мен компания әлі ізденіс үстінде тұрмыз, осыған қарай келе жатырмыз. Бұл мәселе Жапонияда да солай шешіліпті. Жапонияның халық саны 130 миллионға жуық, соның 25 пайызы жасы ұлғайған адамдар. Сондықтан Жапонияда еңбеккүшінің тапшылығына байланысты шетелден барып оқып, сол білімді алатын студенттерге жақсы мүмкіндіктер жасалған. Оқу бітіргеннен кейін сонда 5 жылға дейін қалып, Жапонияның кәсіпорындарында білімі мен тәжірибесін молайтуға жақсы мүмкіндіктер жасалыпты. Мәселен, оның ішінде Жапон асханасының аспаздығын оқыған жастар   қалам десе, мейрамханалар таласқа түседі екен. Ал олардың көбі онда қалмай, өз елдеріне барып жұмыс жасауға мүдделі екен. Көбі еліне барып бұл жұмысты бизнесіне айналдырады екен.

Ал бізде қазірге студенттерді жұмысқа орналастыру, жұмыс тауып беу колледжердің мойынында, бір жылда қанша түлек бітіріп шықса соның жұмысқа орналасу жағдайынан министрлікке есеп береміз. Жұмысқа орналастыру жақтары енді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы қолға алынуда. Олар кәсіпкерлерді ұйымдастырады, біз студенттерді ұйымдастырамыз. Бірақ бұл әлі соншалық қанағаттанарлық дәрежеге жетпеді, өйткені бізде кәсіби деңгейде қанағаттанарлық кәсіп орындардың өзі тапшы. Мәселен біздің түлектерді алар болсақ, олар нарықта сұранысқа ие. Олар аудармашылар, олар туризм мамандары. Туризм дегеніміз біздің экономиканың басты басымдылық беріп отырған саласы. Туризмды жақсатру арқылы елдің ішкі өнімін арттырып, халықтың жағдайын жақсартуға болады. Туристік копаниялар дамып келеді. Туризмның өзінде де бізде шешілмеген мәселелер бар. Дегенмен жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Бізде әлі инфрақұлымдар жақсару керек, қаншама көрікті жерлеріміз бар, этнотуризи дамуы керек. Біздің түлектеріміз осы саланы дамытуға, шетелден келген қонақтарға сапалы қызмет көрсетуге, елдің туризим саласын дамытуға  үлес қосулары  керек.

Сіздердің көлледжердіңіз аты Халықаралық Қазақ – Қытай тіл колледжі деп аталыпты. Оқу бағдарламаларыңыздың ерекшелігі қандай? Қытай тілін үйрету мақсатында құрылған ба?

- Бізде тілдер бағыты. Аударма ісі және туризм болып екі бағытта мамандық дайындаймыз. Бұл қытай тілімен шектелмейді. Аударма ісінде ағылшын, орыс тілінде де дайындаймыз. Туризм бағытында да осы сияқты.  Туризм бағытында Қытай мен Қазақстан арасындағы мүмкіндіктер барған сайын ашылып келеді, бүкіл әлем туризм саласында Қытаймен жарыса жұмыс істеп жатыр. Іргесінде тұрған біз әлі бұл мәселені аша алмай отырмыз. Бұл жерде басқа факторлар да бар әрине. Экономиканы, туризымды дамыту үшін туристердің негізгі көзі бүкіл әлем үшін ең алдымен Қытай. Мына Ресейдің өзі қытайлармен туризмды ерекше дамытып отыр. Бізде енді онша емес, өткен жылы ЭКСПО-ның бізде өтуіне байланысты бұл әжептәуір алға жылжыды. Бұдан кейін де дами түседі. Сол туристерді қабылдау үшін сол елдің жағдайын білетін, сол елдің тілін білетін, қазақ елінің жағдайын білетін біздің өзіміздің отандық мамандар дайындауымыз керек. Сондықтан біздің колледждің стратегиялық мақсаты мемлекеттік тіл қазақ тілін жетік меңгерумен қатар ағылшын, қытай тілдерін мықты меңгерген, бәсеге қабілетті, отансүйгіш жаңа буын отандық мамандар даярлап шығару болып табылады. Сондықтан біздің түлектер қазақ елі мен қытай елінің арасындағы қарым-қатынастағы қажетті салаларға отандық білікті  мамандар ретінде қызмет етеді. Біздің колледж 10 жылдан астам уақыттан бері елімізде осы бағытта жұмыс істейтін жалғыз колледж. Болашақта Жапон, Кория бағыттарында да маман дайындау жоспарымыз бар. Біздің осы салада жетістіктеріміз көп, түрлі олимпиядалар да студенттеріміз топ жарып келеді.

Өткен жылғы ЭКСПО-да туристердің көптеп келгенін айттыңыз, сіздердің студенттеріңіз бен түлектеріңіз сонда қызмет көрсетті ме? Түлектеріңіздің жұмысқа орналасу көрсеткіші қалай?

- Біздің 2,3 - курс студенттеріміз бен түлектеріміз ол жерде ерікті болып қатысты. «Азияда» Қыстық олимпиада да біздің студенттеріміз еріктілер қатарына қатысқан болатын. Қазіргі таңда біздің студенттеріміз бен түлектеріміз көп салада қызмет атқарады. Туристік компонияларында, Қазақстан мен Қытайдың біріккен компанияларында, жеке компанияларда жұмыс істеп жатыр. Өз алдарына бизенс ашып жұмыс істейтідері де аз емес. Мұнай компанияларында жұмыс істеп жатыр. Жалпы бізді бітірген түлектер жұмыссыз қалған жоқ. Себебі екі елдің арасында тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқан салалар бар, онда мамандарға деген қажеттіліктер туып жатыр, сол қажеттіліктер осылай шешілуде.

 

Колледждеріңізге мемлекеттік грант бөлінеді ғой, сіздердің студенттер практикадан қайда өтеді?

- Туризм мамандығы бойынша мемлекеттік грант бөлінеді. Соңғы 3,4 жылда гранттар көбейіп келеді. Өткен жылы біздің колледж 100 грант жеңімпазы болды. Бізде оқып жатқан гарант иегері студенттері болсын, ақылы бөлімдегісі болсын практикалық білімге өте мән беріп отырамыз. Біздің елімізде жұмыс жасайтын кәсіпорындарда практикадан өтеді, сонымен бірге Қытайдың жоғарғы оқу орындарымен, кәсіптік білім беру оқуорындарымен бірлесіп, солардың белгілеген уақытында қытайға 3 айдан 6 айға дейін апарып сол жерлердегі кәсіпорындарда, туристік компанияларда  өндірістік практикадан өткіземіз. Сол арқылы Қытай елімен таныс болады. Тілдік мүмкіндіктері артады. Сондықтан біздің колледж өзінің иновациялық бағытымен білім беруімен жағынан Республикадағы озық колледжер қатарынан көрініп отырмыз.

Түлектеріңіздің ішінде ел іші-сыртындағы жоғарғы оқу орындарынан білімін жалғастырып жатқандар бар шығар?

- Кәсіптік білім берудің бағыты түлектірдің оқу бітіргеннен кейін бірден жұмыс істеп кетіу үшінжұмыс жасалады. Көп санды түлектер оқу бітірген соң жұмысқа тұрады. Ал енді бір бөлімдері жалғасты оқығысы келеді. Баклаврды, тіпті магистратуаны да оқитындары да бар. Енді бір бөлігі шетелге барып оқимын дейді, Америкаға, Европа мемлекеттеріне, Ресей, Малайзия, Сингапурға бакалавер бағдарламасына түсіп оқығандары да біраз. Оның ішінде Қытайға барып оқыйтындары да бар. Бізде ол жерде әріптес университеттермен бірқанша бірікен бағдарламалар жасалған. Сол университеттерге барып өзінің қалаған мамандығы бойынша оқи алады. Олар бірінші кезекте тілдің негізін колледж қабырғасында мықты қалап алғандықтан бірден Қытай еліндегі оқу орындарына түсіп оқи алады. Қытай үкіметінің соңғы 40 жылддағы экономикасының қарқынды дамуына байланысты, әлемдегі ынтымақтас елдермен қарым-қатынас қажетіне сол елдіңдердіңқытайда оқығысы келетін жастарына  гранттар бөледі. Жақсы оқыған, үздік оқыған студенттер сол гранттарға ие бола алады. Ондайда студенттеріміз бар. Біздің студенттеріміз түрлі халықаралық олипиядаларға қатысып, халықаралық гранттарды да ұтып алады. Ал енді халықаралық грант дегеннен туады, мұндай гранттарды тек ҚХР ғана  беріп отырған жоқ. Халықаралық білім қауымдастығындағы өзіміздің іргеміздегі Ресей де, Жапон елі де, Америка да Ұлыбритания да Еворпаның барлық мемлекеттері беріп отырады. Біздің студенттеріміз тек Қытайдың ғана емес, осылардың да гранттарына ие болып оқып жатыр. Бүгінгі таңда кей кісілердің арасында жаңсақ ұғым бар. Қазақстанның баласының бәрі қытайға барып оқып, қытай грант беру арқылы осының бәрін өзінің идеологиясына тәрбиелеп жатқандай сезінеді. Іс жүзінде бұл жаңсақ ұғым. Бүгінгі таңда бүкіл жаһандану процесі жүріп жатыр. Дамыған елдің барлығы, дамығысы келетін елдер біріндегі жетістікті бірі қабылдағысы келеді. Жаңа бағытты, жаңа технологияны, жаңа менеджментті игеру керек. Біздің еліміздің Елбасымыздың алға қойып отырған үлкен стратегиясы Қазақстан - 2050, 2050 жылға барғанда біз дамыған 30 елдің қатарына қосылуымыз керек. Ол үшін ең алдымен білім-ғылым саласын дамыту керек. Экономика даму керек. Ол дамулар қалай келеді? Ең алдымен жетеміз деп отырған 30 елдің қандай жетістіктері бар. Сол жетістіктерді үйреніп алып келу керек, олардың жақсыларын еліміздің жағдайына үйлесетінін елімізге енгізуіміз керек. Біздің жастарымыз әлемдік бәсекеге қабылетті болуы керек. Әлемдік бәсекелес деген не? Ол әлемдегі кез келген маманмен тең тұра алатын, олардан оза шаба алатын болу керек деген сөз. Ол үшін шетелден оқу керек, білім алу керек. Бұл бүкіл Қазақстан жастарының бәрі шетелге шығып кетсін деген ұғым тумайды. Белгілі бір мөлшері, белгілі бір бөлігі ғана барады. Сонымен бірге өзіміздің отандық білім беру жүйесін үздіксіз дамыта береміз. Елбасы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Болашақ бағдарламасы мен шетелге студенттерді шығара бастады. Қазір солардың басым бөлігі қайтып келіп еліміздің алға дамуына бүкіл салалар бойынша үлкен қозғаушы күш болып отыр. Біздің істеп жатқанымыз да болашақтың қадамы бүгіннен басталып дамып жатыр.

 

Бұл пікіріңіз соңғы кездегі Қытайдағы оқып жүрген жастар ертең «қытайдың жұмсақ күші» болып қытайға жұмыс жасайды деп жүрген көзқарасқа жауап болды. Қытайдың жұмсақ күші Конфуций иниститутын жабу керек дегендер де болды. Сіздердің колледжді де «қытайдың жұмсақ күші» деп жүргендер бар шығар?

- Қоғамда әртүрлі көзқарастардың болатыны жасырын емес, әрине ондайлар да табылатын шығар.  Дегенмен Қазақстан мен Қытай халық республикасы бүгінгі таңда жан-жақтылы стратегиялық әріптес. Жан-жақтылы стратегиялық әріптестікке көтерілгеннен кейін әр салада қоян қолтық әріптестік болатыны шындық. Ынтымақтастық болатындықтан біздің Қазақстан азаматтары да ең алдыменен өзімен әріптес болған елдермен ең кемінде өзінің араластатын саласымен олармен тепе-тең сөйлесе алу керек. Ол дегеніңіз оларды жақсы білу керек деген сөз. Сол елдің сол саласын жақсылап зерттей алатын, білетін маман болуы керек деген сөз. Сол салада осындай маман бір екеуі жетіспейді, оның өзінде саннан сапа туады. Сол салада білікті мамандар болғада біз олардан ұтылмаймыз, біздің елдің мүддесі ұтылмайды. Осындай тұрғыдан қарауымыз керек. Осы мамандарды дайындау үшін әрине әріптес елмен жұмыс жасау керек қой, ол мамандардың бәрін әріптес ел келіп дайындап беру керек пе? Америкаға қатысты жұмысты Американың, Қытайға қатысты жұмысты Қытайдың маманы келіп жасап беруі керек пе? Ол қаншалықты ұзақ болашаққа барады? Сондықтан осы салалалр бойынша отандық мамандар болуы керек. Біздің еліміздің стратегиясы да сол. Бұл саладағы әріптестік елдің даму стратегиясымен, Елбасының саясатымен дұрыс бағытта жүріп келе жатыр. Әрине бұл жетілдіріледі, толықтырылады. Жүре-жүре өз жемісін береді. Ал енді Конфуций иниституты деген ҚХР-ның бүкіл әлеммен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас тетігі ретіне қолданысқа шығып отыр. Әр елде әртүрлі деңгейде. Сол елдердің мемлекет басшыларының келісімдері негізінде жүріп жатыр. Аты "иниститут" деп аталғанымен Конфуций институттары дербес академиялық білім беретін арнайы оқу орны  емес, тек ынтымақтас елдің  әр деңгейдегі оқу орындарының қаруында мәдени тілдік курыстармен семинарлар ғана жүргізе алады.  Онда да тұрғылықты мемлекеттің түрлі заң шеңбері аяасында ғана жұмыс атқаруға міндетті. Конфуций иниституты біздің елімізде  университеттердің жанын да құрылып жатса, біздің Қазақстан да өз мүдде талаптарын қою арқылы ҚХР-ның 4 университетінде Қазақстанның «Қазақстан зерттеу» орталықтарын құрды. Сондықтан, мәселе олардың бізде жұмыс жасауында емес, оны өз мемлекетіміздің мүдделерімізбен ұштастыра алуымызда ғой. Жалпы айтқанда әр салада xалықаралық ынтымақтастық бүгінгі әлемде өте қажет, онсыз тоқырау туындайды, даму болмайды.

Жалпы айтқанда тіпті сіздердің колледж пен Конфуций иниститутын салыстыруға келмейді ғой, сіздердікі Қазақстанның отандық оқу орны емес пе?

- Иә, біз, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі отандық  және бұл кәсіби техникалық бағыттағы оқу орны, Біздің бағдарламаларымыздың өзі ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен арнайы стандарты негізде жасалған. Тіл үйрету бағытында Біз ҚХР оқу құралдарын тікелей пайдалана бермейміз, өзімізге ыңғайлап министрліктің бекітуімен   өзіміздің отандық оқу құралдарын жасап отырмыз. Мамандықтар бойынша білім сапасын анықтаудың мемлекеттік бақылау жүйелерінен өтіп тұрамыз. Бұған дейін мамадықтар бойынша аттестаттау өткенбіз, алдағы уақытта халықаралық білім бағалау жүйесінде аккредитцилаудан өтеміз.

Жоғарғы оқу орнының студенттеріндей емес сіздердің түлектер бұғанасы қатпаған жасөспірімдер деуге болады. Білім берумен бірге тәрбиелік жұмыстарға да баса мән беретін шығарсыздар?

- Халықаралық білім беру жүйесіндегі интеграция ұмтылумен бірге біз қазақ деген ұлттың  даралығын, бөгенайын жоғалтпауымыз керек. Ол деген ұлттық салт-сана, ұлттың тарихы, тілі, руқани асыл қазыналары. Бір сөзбен айтқанда Елбасы жолға қойған ұлттық кодті жоғалтпауымыз керек. Бұл мәселеге біздің оқу орнымызда ерекше көңіл бөлінеді. Ең алдымен елін-жерін, ұлттын сүйетін патриотизм тәрбиесі бойынша көп іс-шаралар өткіземіз. Өйткені біздің алға қойып отырған мұратымыз халықаралық ынтымақтасытққа, бәсекеге қатысатын мамандар дайындау. Ол азаматтар ең әуелі өз еліміздің патриоттары болуы керек. Біздің еліміздің мүддесін бірінші орынға қоятын, ел мен жер үшін қызмет ететін тұлға ретінде тәрбиелеп қалыптастыруымыз керек. Өйткені, олар ертең шетелге барады. Шетелге барғанда елдік мүддені жоғалтып қоймауы керек. Бұл мақсат бізде бірінші орында тұрады. Студент бізге қабылданған күннен бастап бұл іске ерекше мән береміз.

Колледждеріңізді дамыту барысында алға қойған қандай жоспарларыңыз бар?

- Жоғарыда жапон, корей тілдерін қосатынымызды айтып өттім. Мұнан басқа, техникалық мамандықтарды мәселен ІТ, нонотехнология, биотехнология, роботехнология сияқты жаңа да өзекті салаладарды қосу жоспарындамыз. Ол үшін алдымен оқу орнның материялдық-техникалық базасын нығайтуымыз керек. Бұл жағын, техникалық мамандықтар жағын өзім жақсы білемін. Өзім де электроника ІТ маманымын, Қытайдағы реформалардың алғашқы жылдарында тұңғыш ІТ мамандығын бітіріп, унивеситетте он жылдан аса ұстаздық еткен тәжірибем бар. Сондықан техникалық саланы қалай жүзеге асыру керегін, қалай дамыту керегін жақсы білемін. Алла қаласа алдағы уақытта бұл жоспарды да біртіндеп жүзеге асырамыз деген ойдамын.

Жапон елінен көрген-білгендеріңізді, ойға түйгендеріңізді қазақ мамандарын дайындауға жұмсай беріңіздер, алдағы жоспарларыңыз сәттілікпен орындалсын, сұхбаттасқаныңызға рақмет!

Сұхбаттасқан: Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303