Бұл сапарға Түркия президентімен бірге, зайыбы Әмина Ердоған және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірге, зайыбы Зироатхон Хашимова да еріп барған.
Жоғары лауазымды қонақтар Бахауддин Накшбанд кесенесіне барған. Бұл мешіт 1544 жылы бұхарлық әмір Абдулазизхон ибн Убайдуллохонның бұйрығымен тұрғызылған. Онда Хәзірет Бахауддин мен оның анасының сүйегі жатыр. Анадолы түрік агенттігінің хабарлауынша, Түркияның дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әли Эрбаш кесене алдында Құран аяттарын оқып, дұға бағыштаған.
Одан кейін Түркия президенті мен еріп келген қонақтар кешен аумағындағы медресеге бас сұғып, ежелгі «Арк» қамалына және «Пои-Калон» архитектуралық кешеніне барған. Мұнан бөлек Ляби Хауз тарихи ғимаратын да тамашалаған.
Бұхарадан кейін Түркия президентінің Өзбекстанға үш күндік сапары аяқталған.
Abai.kz