"Ел қауіпсіздігіне төнуі ықтимал жаңа қауіптерге байланысты жоғары мобильді арнайы операция күштері құрылды. Жаңа арнайы бөлімше кибершабуылдардың алдын алуға жұмыс істейді. Бұл жаңадан құрылған бөлімшелер өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарады деп сенемін. Мұндай әскери бөлімшелерді біз бірінші рет құрдық. Бұл бөлімшелер елдің әр бөлігінде бар. Онда арнайы дайындықтан өткен мамандар жұмыс істейді" деді Назарбаев әскери шеруде.
Отарда өткен шеруге үш мыңнан астам сарбаз, 300-ден астам әскери техника, 30-ға жуық авиациялық техника қатысты.
Abai.kz