Сенбі, 23 Қараша 2024
Арандату 5405 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 09:37

Вожжов тамағымды ішіп, табағымды тағы тепті...

Ұлттық мүдде, ұлттық намыстан биік тұратын ешқандай мұрат жоқ. Жетпіс жыл бойы шовинистік метрополияның теперішін көргеніміз аз болғандай, енді, міне, есіктен кіріп төр менікі деп жүрген тағы бір келімсек келіп қазақ жөнінде, қазақ қыздары туралы арсыз сөз айтып, төбемізге құса бастады. Үлкен ақпарат кеңістігін ұстап отырған "Facebook модераторлары" қайда қарап отыр? Евгений Вожжов есімді орыс азаматы: «Мне похуй. Они просто обезъяны». Каждый день мозг ебут. Как нам казакам не тренироваться?... (қазақтарды айтады) деген ауыр сөздер айтып сөгеді. Ал, қазақ қыздары жөнінде жазғанын қайталауға аузым бармайды.

Міне, өзге ұлт өкілдерінің қазақ жөніндегі көзқарасы. Және ол арсыз өз ойын ірі ақпарат кеңістігіне кіретін Facebook арқылы таратты. Бір сөзбен айтқанда бұл азамат қазақ халқының, қазақ қыздарының ұлттық ар-намысына пышақ сілтеді. Асымды ішіп, аяғымды тағы тепті. Соңғы жылдары Қазақ жеріндегі диаспора өкілдері іштен шу шығаруды, ұлтаралық қатынасты шайқалтуды жиілетіп барады.

Біз неге осындай жайларға «ұлттық нышан» беруден қорқамыз?.. Себебі ол өзінің ауыр сөзімен менің ұлттық намысыма тиді. Өзге ұлт қазаққа мылтық атады, ал, жауапталатын  тағы да қазақ. Соның салдарынан Евгений Вожжов секілділер күннен күнге еркінсіп барады. Ұлтаралық мәселенің түйінін шешкіш болса «Ұлттар Ассамблеясындағы» ұлтты ұйыстырғыш зиялылар қайда қарап отыр? Осы ма олардың досшыл жүрек, бірлікке шақырған ағайыншылығы? Неге  Вожжов сияқтыларды тезге салмайды? Әлде, бұл қазақтар бәріне көне береді дегендері ме?

Біз неге  ештеңені сезінбейтін, намыссыз, ез болып бара жатырмыз? Қазақстанда ұлттық мүддені қорғайтын мемлекет, заң орындары бар ма осы? Ұлттың өзін-өзі қорғауы үшін, заң да қатал, дәстүр де қатты болуы керек емес пе?

«Жаман үйді қонағы билейді»  деген - осы. Ұлтымның ар-намысы, қыздарымың абыройы мен үшін бәрінен биік.

Сөздің қысқасы, біздерді диаспора өкілдерінің қайта-қайта арандату әрекеттері алаңдатады. Шыдамның да шегі бар, қазақты ашындыра беруге болмайды. Евгений Вожжовтың ісі басынғандық, жүгенсіздік, намысымызды қорлау. Бұған модераторлар, Прокуратура, ІІБ ҚР-ның Конституциясы мен заңдарына сәйкес өз сөздерін айтып, заң тезіне алулары керек. «НАМЫС - АДАМЗАТТЫҢ АЛТЫН ТУЫ» деген Бауыржан Момышұлы, «дискриминация» мәселесін қоздырғаны үшін ҚР-ның заңына сәйкес прокуратура органдары мұны айғақтармен дәлелдеп, шовинист Евгений Вожжовтың үстінен қылмыстық іс көтереді деп үміттенемін.

Н.Қошаманұлы, Ақтөбе қаласы

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420