Сенбі, 23 Қараша 2024
3726 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 10:08

Алматы облысындағы Көксу ауданына көгілдір отын тартылды

Жеңіс мерекесі қарсаңында Көксу ауданы аумағында «Балпық би» автоматтандырылған таз тарату стансасы жұмысын бастады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Оның ресми ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов қатысып, ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Айдарбек Байжанов алдымен Жамбыл ауылына келіп, мұнда олар автоматты түрде газ тарататын станса жұмыстарына назар аударды. Бұл жерде жүйенің жаңа мүмкіндіктерімен және атқарылып жатқан жұмыстармен «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов таныстырып, Көксу ауданын газдандыру ісі жайлы кеңінен әңгімеледі. Жалпы, бұл станса құрылысы 2016 жылдың соңында аяқталған. Оған жергілікті бюджет есебінен 753,97 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген болатын. Құрылыс монтаж жұмыстары да өз мерзімінде бітіп отыр.

Бұдан соң Балпық би ауылында көгілдір отынның алғашқы алауы салтанатты түрде жағылды. Көпшілікті құттықтаған А. Байжанов:

– Құрметті жерлестер! Облысты көгілдір отынмен толық қамтамасыз ету жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес және «Алматы облысы кешенді газдандыру аймақтық бағдарламасы» аясында іске асырылуда. Осы бағдарлама шеңберінде салтанатты түрде көгілдір отын алауын жағуға куә болып отырсыздар. Газ саласының мамандары көксулықтарға таза газ сыйлап, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік туғызуда. Газ жеке тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылытады. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына да ықпал етеді, - деді Айдарбек Естебекұлы.

Аталған салаға жауапты мамандар мен ауыл ақсақалдары да ақ тілектерін арнады. Жиналғандар Балпық би ауылының тұрғыны Ербол Жапаровтың үйінде жағылған газға куә болды.

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе, мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435