Жұма, 1 Қараша 2024
Деп жатыр 7386 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 13:25

Путин Назарбаевқа таң қалатынын айтты

 

ҚР президенті телерадиокешенінің бас директоры Ерлан Бекхожин РФ президенті Владимир Путиннен сұхбат алды. Сұхбат барысында Кремльдің төріне төртінші рет жайғасқан Путин әріптесі Назарбаевтың ерік-жігеріне, тұлғалық қасиеттеріне таң қалатындығын әңгімелеп берді.

- Шынымды айтсам мені әрқашан Нұрсұлтан Әбішұлы қуантумен әрі таң қалдырумен келеді, ол Совет өкіметінің кезінде-ақ лауазымды қызметтерге, лауазымды қызмет болғанда ең мықты лауазымды қызметтерге қол жеткізе алды, және ол сонысымен мені қайран қылуда. Өзінің Совет заманындағы өткеніне бұрылмай, болашаққа ұмытылып келе жатқан адам ол. Ал бұл адам бойындағы ең сапалы қасиет, - деді Путин. Сосын тағы былай деді:

- Ол, біріншіден, айналасына іскер әрі қажырлы адамдарды, жас буынды топтастыра алды және қатарына өте күшті, қайратты тұлғаларды тартудан қаймыққан емес. Бұл кез келген жігерлі басшыны ерекешелейтін мінез.

Айтпақшы, осының алдында, яғни, 11 наурыз күні Қр президенті "Первый каналға" сұхбат беріп, Путинді сөздің адамы деген болатын. Назарбаев Путин туралы былай деді:

- Мемлекет басшылары арасындағы қарым-қатынас маңызды. Басшылар арасындағы сенім мемлекеттер арасындағы сенімге итермелейді. Владимир Владимирович Путин 2000 жылы президент болды және біз бірінші күннен-ақ жақсы қарым-қатынастамыз, жасыратыны жоқ. Мен оның адамдық қасиеті туралы да айтқым келеді. Мен оны бәрінен де жақсы білемін деп айтуға болатын шығар. Ол - сөздің адамы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 196
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 168