Сенбі, 23 Қараша 2024
3195 0 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 08:46

Өзбекстанда тағы бір саяси тұтқын түрмеден шықты

Оппозициялық Өзбекстан халық қозғалысының белсендісі Фахриддин Тилляев 12 мамырда түрмеден босап шықты. Еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаумен айналысқан белсенді 2014 жылы "адам саудасы үшін" 11 жылға сотталған еді.

Фахриддин Тилляев Өзбекстан Жоғарғы сотының шешімі негізінде бостандыққа шыққанын айтты. "Менің босағанымды хабарлады, сот анықтамасымен таныстырды, құжаттарға қол қоюымды сұрады, сосын көшеге шығарды", - деді ол.

Еске салайық, 2014 жылы 6 наурызда Ташкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі Шайхонтохур аудандық соты Фахриддин Тилляевті 10 жыл және 8 айға түрмеге қамаған. Онымен бірге тағы бір өзбек белсендісі Нүриддин Жұманиязов 8 жыл және үш айға сотталған. Сот бұл екеуін де адам саудасымен айналысты деп айыптады. 2016 жылы 31 желтоқсанда Нүриддин Жұманиязов түрмеде қайтыс болды.

Тилляевтің әріптестері төрт жыл бойы оған қарсы істің қолдан ұйымдастырылғанын, істің саяси астары барын айтып келді. Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Тилляевті түрмеде азаптағаны туралы хабарлаған.

"Мені азаптады. Сотқа дейін азаптады. Азаптау түрмеде де тоқтаған жоқ. Мені қинады, қысым көрсетті. Мысалы, тырнақ астына және аяқ саусақтарының арасына ине тықты. Тыржалаңаш шешіндіріп, аязды күндері көшеге қуып шығарды, мұздай су шашты. Шыншырмен табаннан ұрды. Алты адам мені азаптады, менімен білгенін істеді. Мен түрмеде өткізген күндеріме өкінемім. Өйткені мен бостандығымнан, еркіндігімнен, бәрінен айрылдым", - деді адам құқығын қорғаушы.

Сотталғанға дейін Фахриддин Тилляев пен Нүриддин Жұманиязов мардикорлар - қара жұмысшылардың тәуелсіз кәсіподағын құрып, еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаумен шұғылданған. Түрмеден шыққан күні Тилляев адам құқықтарын қорғай беретінін мәлімдеді. "Мен ұйым жұмысын жалғастырғым келеді. Әділетсіз сотталған дін өкілдерінің құқықтарын қорғап, солардың соттарына қатысқым келеді", – деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475