Сенбі, 23 Қараша 2024
2979 0 пікір 24 Мамыр, 2018 сағат 09:13

Ресейде Қырғызстанның 70 құрылысшы-мигранты ереуілдеп жатыр

Ресейдің Сахалинск облысы Парамушир ауданында 18 мамырдан бері Қырғызстаннан барған 70-ке жуық құрылысшы–мигрант ереуілдеп жатыр. Олар жұмыс шартына көңілдері толмайды, айлықты үнемі кешіктіреді дейді.

"Біз ақша табуға келдік. Олар бізді үнемі кемсітіп, қатыгездік танытады. Еңбекақыдан себепсіз ақша ұстап қалады. Екінші ай әлі айлық алмадық. Бірқатарына жұмыс берушілер 200-250 мың рубль қарыз. Көбі ауырады. Дәрігерге де жібермейді. Ақшаны қалай береді, солай елге қайтамыз", –​ дейді Ахмед есімді мигрант. Оның айтуынша, наразылық танытқандарды жатақханадан шығарып жіберген.

Қырғыз мигранттарын мемлекеттік "Куриль бағдарламасын" жүзеге асыратын "Спиро" компаниясы жұмысқа алған.

"Спиро" компаниясының қожайыны Евгений Плетенский жұмысшылар ереуілінен проблема көрмейтінін айтады.

"Жұмысшылар жұмысқа шықпады, сол үшін жұмыстан қуылды, бар болғаны осы. Біз басқа жұмысшыларды іздеп жатырмыз. Таяуда олар Парамушир аралына келеді", – деді Плетенский.

Сахалинск облысының прокуратурасы "Спиро" компаниясының қожайынына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тексеру барысында компанияның 45 жұмысшыға 633 мың рубль төлемегені анықталған.

Солтүстік-Курил аралдарының вице-мэрі Александр Овсянников наразылық танытушылардың дені – Қырғызстан азаматтары дейді. "Қырғыз мигранттары өздерін аралдан алып кетуін сұрайды. Олар 65, ал қайыққа 35 адам ғана сыйады. Оның үстіне қазір туристік мезгіл. Кемелерге билет сатылып кеткен. Мемлекет бюджеті есебінен оларды аралдан шығарып ала алмаймыз",- дейді вице-мэр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404