Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2334 0 пікір 9 Ақпан, 2011 сағат 12:47

Мұрат Әбенов, мәжіліс депутаты. «Википедиядағы» қазақша деректер жеті мыңға да жетпейді!

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдап былай деді:

- Қазақстанда ана тіліміздегі кәсіби, деректі, әмбебап, ғылыми тұрғыдан мінсіз, қамтылуы мен тұрақты толығуы талаптарға жауап беретін толыққанды веб-энциклопедия жоқ! Елдігіміз бен егемендігімізге сын емес пе бұл жай? Неге қазақтілді тұтынушылар өзге елдердің веб-ресуртарына тәуелді болуы керек? Ақпараттық тәуелсіздік жалпы ұлттық қауіпсіздігіміздің құрамдас бөлігі емес пе еді? Басқа елдің ақпараты айналып келгенде сол елдердің саясаты емес пе?

Депутат: «Бүгінгі заман - ақпарат пен интернет заманы. Бұны Өзіңіз де жақсы білесіз, шаршамай айтып та, насихаттап та жүрсіз. Осы тұрғыда Үкіметтің атқарған жұмысы да аз емес.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен Палатаның жалпы отырысы болып өтті. Онда Мұрат Әбенов Үкімет Басшысы Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдап былай деді:

- Қазақстанда ана тіліміздегі кәсіби, деректі, әмбебап, ғылыми тұрғыдан мінсіз, қамтылуы мен тұрақты толығуы талаптарға жауап беретін толыққанды веб-энциклопедия жоқ! Елдігіміз бен егемендігімізге сын емес пе бұл жай? Неге қазақтілді тұтынушылар өзге елдердің веб-ресуртарына тәуелді болуы керек? Ақпараттық тәуелсіздік жалпы ұлттық қауіпсіздігіміздің құрамдас бөлігі емес пе еді? Басқа елдің ақпараты айналып келгенде сол елдердің саясаты емес пе?

Депутат: «Бүгінгі заман - ақпарат пен интернет заманы. Бұны Өзіңіз де жақсы білесіз, шаршамай айтып та, насихаттап та жүрсіз. Осы тұрғыда Үкіметтің атқарған жұмысы да аз емес.

Алайда мені толғандырып отырған мәселелердің бірі - қазақ, яғни мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстардың жайы. Соңғы жылдары ана тіліміздегі веб-сайттардың саны да, сапасы да еселеп артып келеді. Қазақтілді қолданушылардың да саны күн санап артып отыр. Бүгінгі мектептер мен жоғары оқу орындарының интернетке толық қосылуы қазақ тіліндегі интернет ресурстарға үлкен сұраныс туғызып отыр. Ал сол мектеп оқушылары мен студент жастар өздеріне қажетті ақпараттарды іздеу үшін көптеген жағдайда орыстілді веб-сайттарды ақтаруға, ондағы ақпараттарды аударуға мәжбүр екені де ешкімге жұмбақ емес.

Бүгінгі күні, сөзсіз, еліміздің баспа өндірісі үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. «Мәдени мұра» сияқты кешенді бағдарламалардың арқасында жүздеген тың еңбектер, танымдық әдебиеттер мен энциклопедиялар жарық көрді. Дегенмен кітаптар мен көп томды қағаз энциклопедиялардың заманы келмеске кеткенін көріп отырмыз. Қазір бүкіл әлемде энциклопедиялық ресурстар мен сөздіктер виртуальды әлемге көшуде. Өзім де қарапайым интернет-тұтынушы ретінде бірнеше виртуальды энциклопедияны зерттей келе олардың дәстүрлі қағаз энциклопедиядан еш кем еместігіне, тіпті кейбір жағдайда олардан әлдеқайда артық екеніне көз жеткізіп жүрмін. Тіпті интернет-ресурстардың мүмкіндіктері кітаптардан да жоғары: әрбір мақалаға көптеген суреттерді, аудио, видеоматериалдарды тіркеуге, қарауға, тыңдауға болады.

Бір ғана мысал келтірейін. Бүгінгі күні белгілі бір ғылым саласы не болмаса тарихи деректі іздеу үшін екінің бірі «Википедия» сайтына кіреді. Оның осы саладағы көшбасшы екені даусыз. Негізі бүкіләлемдік «Википедия» энциклопедиясында 278 тілдегі 17 493 205 мақала бар екен. Оның ішінде

ағылшын тілінде - 3 512 175 мақала,

неміс тілінде - 1 165 908,

француз тілінде - 1 048 143,

поляк тілінде - 760 795,

итальян тілінде - 758 005.

Орыс тіліндегі мақалалардың саны 640 191-ден асып артылады. Ал қазақ тілінде қанша деректі мақала бар деп ойлайсыз? Жеті мыңға да жетпейді!

Түркі тілдес халықтардың ішінде «Википедияда» қазақ тілі 5 орында ғана! Ұят емес пе?

Мысалы, түрік тілінде - 153 184 мақала,

әзірбайжан тілінде - 47 408,

татар тілінде - 8 001,

өзбек тілінде - 7 514,

қазақ тілінде - 6 759,

түркімен тілінде - 4262,

қырғыз тілінде - 1 312,

башқұрт тілінде - 1024,

қарақалпақ тілінде - 427.

Тағы бір дерек келтірейін. Өзіміз қатарлы Кеңес Одағының ішінен шыққан елдер де бізді басып озған екен. Мысалы,

белорус  тілінде - 25 838 мақала,

украин тілінде - 250 593,

литва тілінде - 123 717,

эстон тілінде - 80 727,

латыш тілінде - 31 539,

тәжік тілінде - 9 139.

Сонда біз осы елдерден кембіз бе?

Шынын айту керек, Қазақстанда ана тіліміздегі кәсіби, деректі, әмбебап, ғылыми тұрғыдан мінсіз, қамтылу мен тұрақты толығу талаптарына жауап беретін толыққанды веб-энциклопедия жоқ! Елдігіміз бен егемендігімізге сын емес пе бұл жай? Неге қазақтілді тұтынушылар өзге елдердің веб-ресуртарына тәуелді болуы керек? Ақпараттық тәуелсіздік жалпы ұлттық қауіпсіздігіміздің құрамдас бөлігі емес пе еді? Басқа елдің ақпараты айналып келгенде сол елдердің саясаты емес пе?

Осыған орай, біз Үкіметке мынадай ұсыныс жасағымыз келеді.

1. Ақпарат және байланыс, Мәдениет, Білім және ғылым министрліктеріне ана тіліміздегі веб-ресурстарды дамыту, олардың сапасын арттыру тұрғысында, оның ішінде оқушылар мен студент жастарға бағытталған ғылыми-танымдық, әмбебап веб-энциклопедияны жасауды тапсырсаңыз.

2. Сонымен қатар аталған министрліктердің қарамағындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдарға «Википедия» сияқты көпшілік білетін, қарайтын сайттардағы қазақ тіліндегі ақпараттарды, мақалаларды арттыруды міндеттесеңіз. Олардың барлығы да мемлекеттік қаражат алып кітаптарды, энциклопедияларды, ғылыми мақалалар мен есептерді шығарып отыр емес пе? Енді соны көпшілікке жеткізу аса үлкен қиындық туғызбас болар!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда аталған шаралар ертеңнен бастап жүйелі түрде атқарыла басталса, мемлекеттік тілдегі ғылыми-көпшілік, танымдық веб-сайттардың саны арта түссе нұр үстіне нұр жауар еді. Бұндай шараларға кететін шығындар да кітап шығарудан көп емес болар. Егер осыны қолға алсаңыз бұл Үкіметтің ел жастарына, миллиондаған оқушыларға Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына жасаған тамаша тарту, базарлығыңыз болар еді!

Құрметпен,

Мәжіліс депутаттары: М.Әбенов, Ш. Өтемісов, Е. Әпсәлямов, Е.Әлзақов, Б. Тілеухан, А. Соловьева, Б. Сыздықова, Қ. Сәдуақасов, М.Ахмадиев».

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. (SauleD@parlam.kz' Суретті түсірген Ж.Құспанов.Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508