"Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымы журналистің өлімін ойдан құрастырғанына наразы. Бұл жөнінде ұйым жетекшісі Кристоф Делуар твиттерге жазды. Оның сөзінше, журналисті пайдаланып, мемлекеттің фактімен ойнауы өте қауіпті.
Журналистің өзі Украина қауіпсіздік қызметін өмірін құтқарғаны үшін алғысын жеткізді. Ол УҚҚ өзіне қастандық жасалуы мүмкін екенін ескертіп, дәлелдер көрсеткен.
Аркадий Бабченкоға қастандық жасамақ болған күдікті Г. деген Украина азаматы болып шыққан.
Украина қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары Василий Грицактың айтуынша, "қастандыққа тапсырыс Ресейден түскен және операцияға 40 мың доллар бөлінген. 10 мың долларды делдал алған".
УҚҚ делдалдың ұсталғаны жөнінде видеоны көрсетті.
Баспасөз мәслихаты кезінде Грицак ақша беру сәті мен делдалдың ұсталған кезінде түсірілген видеоны көрсетті. Киев "тапсырысты Ресей қауіпсіздік қызметі берді" деп айыптайды.
"Бабченкоға қастандық - Ресей қауіпсіздік қызметінің саяси көзқарастарына байланысты елден кеткен азаматтардың көзін жою үшін жасаған бір ғана терактісі" деді Грицак.