Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 6606 18 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 11:45

Алматыда саяси-қуғын сүргінге арналған конференция өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1920-30 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргінге арналған «Алаш арыстары және ашаршылық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  

Жиынға тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері, желтоқсаншылар мен саяси қуғын-сүргін көрген арыстарымыздың ұрпақтары қатысып, зұлмат жылдардың оқиғаларына байланысты түрлі тақырыптарда әңгіме өрбітті.

«Рухани жаңғыру» гумнитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д, прфессор Х.Әбжанов конференцияны жүргізіп, «Қазақстанға депортацияланған халықтардың қасіреті» тақырыбында баяндама жасады. Тарихшы бұл тақырыпқа қатысты мұрағаттарды ақтарсақ небір сорақылықтарды байқауға болады деді. Мәселен, Ресей мемлекеттік саяси тарихының мұрағатындағы деректерге қарағанда, Қазақстанда адамдар аштықтан қырылып жатқан кезде КСРО Америкаға астық жөнелтіп отырған.  

«Кеңес билігі ешқашан өздерінің қателіктерін, қылмыстарын мойындаған емес. Бәрін басқаға аударуға бейім болды. Мәскеудегі билік «осылардың қателігі» деп кінәні Қазақстанның жергілікті билігіне аудара салды. Сол кездегі билік басындағылар қазақ трагедиясын ашық айта алмады. Ол уақыт үредің күшейіп тұрған кезі. Сол кезегі қайраткер Жанайдар Сәдуақасов «1933 жылы Қазақстан коммунистерінің пленумында осы мәселені айтуға батылымыз жетпеді» деп ашық жазған. Ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргіннің тарихы әлі зерттелуі керек. Оның теориялық, методологиялық, саяси-идеологиялық астары ашыла беруі тиіс. Ашаршылық – табиғат әкелген қасірет емес, саяси-идеологиялық адасушылық, асыра сілтеушілік, асыра сілтеушілік, жалған қағидаттар ұрындырған қасірет», – деп баға берді Хангелді Әбжанов.

– 31-мамырды еске алу күні деп отырмыз, – дейді т.ғ.д профессор Талас Омарбеков. – Шын мәнінде өздеріңіз білесіздер, ашаршылықтың өзі қуғын-сүргіннен мүлде басқа нәрселер. Бұл – әлеуметтік, саяси мәселе. Тіпті екі ашаршылықтың айырмашылығы бар. Егер 31-мамырды ашаршылық құрбандары дейтін болсақ, онда бұл еске алу күні емес, халықтың жартысынан көбі қырылды ғой. Бұл «аза тұту» күні болу керек. Жалауды төмен түсіріп, бүкіл ұлт болып аза тұтуымыз керек. Ал, қуғын-сүргін күні ше? Меніңше қуғын-сүргін күнін басқа күнге белгілеп, аза тұту күні емес, еске алу күні деп белгілеу керек.           

Конференция аясында қолөнер және кітап көрмелері ұйымдастырылды. Кітап көрмесінде алаштықтардың кітаптары мен оларды зерттеушілердің еңбектері ел назарына ұсынылса, қолөнер көрмесінде ұлттық киімдер мен әшекей-бұйымдар көрсетілді.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткізілген бұл конференцияны «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау мақсатында ұйымдастырды.

Жасұлан Наурызәлиев

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371