Сенбі, 23 Қараша 2024
4140 11 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 09:58

Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкцияға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ және өзге шетел мемлекеттерінің санкциясына жауап ретінде мамыр айында Федерация кеңесі қабылдаған қарсы санкцияға қол қойды. Дүйсенбі күні құжат ресми түрде құқықтық ақпараттар порталында жарық көрді.

22 мамырда заң жобасын Ресей мемлекеттік думасы үшінші оқылымда қабылдаған. Заң жобасын талқылау барысында төменгі палата бастапқы құжатқа айтарлықтай өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қарсы санкцияның нысаны болып табылатын белгілі бір саланың, сауда мен қызмет көрсетудің нақты тізімдерін алып тастады. Оны анықтауды үкіметтің еншісіне қалдырды. Сонымен бірге Ресейге келетін импорттық дәрі-дәрмекке шектеу қоюды да қабылдамады. Бұл жөнінде науқастарға көмектесетін коммерциялық емес ұйым өкілдері өтінген.

"АҚШ пен өзге шетел мемлекеттерінің достыққа сай емес әрекеттеріне қарсы шара қолдану жөніндегі" заң жобасы биыл 13 сәуірде думаға түскен. Заң жобасы бастапқыда Ресейге келетін импорттың барлық түрлеріне, атап айтқанда ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат, дәрі-дәрмек, алкоголь, темекіге тыйым салуды көздеген.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369