Аталған комитеттің мәліметінше, 2021 жылы ЮНЕСКО бірінші рет әлемдік этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан мұндай спорт оқиғасын өз елінде өткізуін қалайтын төрт елдің бірі болып тұр. Этноспорт ойындарының өз елінде өтуін қалайтын тағы үш ел - Түркия, Канада және Оңтүстік Корея.
ЮНЕСКО-ның дәстүрлі спорт түрлері жөніндегі комитеттің үйлестірушісі Марселлин Делли Олимпиада ойындарын Қазақстанда өткізуге үлкен мүмкіндік бар деп мәлімдеді.
«Біз Қазақстанмен бұрыннан бері әріптестік етеміз. Бұл жерде ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде өтетініне күмәніміз жоқ. Жақын уақытта бұл жоба бойынша іске кірісеміз», - деді ол.
Бұл уақытта Қырғызстан елінде үшінші рет өткелі отырған Әлемдің көшпенділер ойынын ЮНЕСКО тізіміне кіргізуге тырысып жатыр.
Abai.kz