Сенбі, 23 Қараша 2024
3390 0 пікір 7 Маусым, 2018 сағат 10:12

Министрлік: Менингит құрбандары саны 13 адамға жетті

Республикада менингококк инфекциясын жұқтырғандар саны 6 маусымдағы мәлімет бойынша 59 адамға, олардың арасында қайтыс болғандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, инфекция жұқтырғандардың 21-і - 14 жасқа дейінгі балалар. Менингиттен Алматы қаласында алты адам, Алматы облысында төрт адам, Оңтүстік Қазақстан облысында екі адам, Қызылорда облысында бір адам көз жұмған.

4 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда жыл басынан бері менингококк инфекциясымен 58 адам ауырып, 12 адам қайтыс болғанын хабарлаған. Оның айтуынша, елде бұл қатерлі дертке байланысты карантин жариялауға әзірге негіз жоқ.

Менингококк инфекциясын Neisseria meningitidis бактериялары қоздырады, ауру түрлі клиникалық белгілермен пайда болады – инфекцияны таратушыда оның белгілері білінбеуі де мүмкін немесе мұрын-жұтқыншақ қабынуы, ми қабығының қабынуы және менингококтық сепсис түрінде өрбиді деп ескертеді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау министрлігі менингитке қатысты жағдай бақылауда екенін, республикада бұл қатерлі дерттің алдын алу мақсатында Call-орталықтары ашылғанын айтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371