Сот шешіміне сәйкес, Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыровқа кесілген 12 жыл жаза мерзімі сегіз жылға дейін қысқартылған. Ал 20 жылға сотталған Эрнест Карыбековтің мерзімін алты жылға дейін төмендеткен.
Үшеуі 2016 жылдың наурыз айында ұсталған. Сол жылы интернетте сотталушылардың дауыстарына ұқсайтын аудиожазба пайда болды. Онда үкіметті құлату жайында талқыланған. Оларды қамауға алғанға дейін Асанов жазбаның жалған екенін, «оппозицияны бопсалау үшін әдей жасалған» деп мәлімдеді.
Үш саясаткерге де билікті күшпен тартып алмақ болды деген айып тағылды. Олар былтыр сәуір айында ұсталған болатын. Биыл ақпан айында Бішкек қалалық соты оларға шыққан үкімді күшінде қалдырып, арнайы қызметтің тергеу абақтысынан Бішкек шетіндегі түрмеге аударған.
Abai.kz