Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
5192 0 пікір 13 Маусым, 2018 сағат 11:46

Алматыда қазір 8 науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр

Алматыда қазір сегіз науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр. Олар жазылып келе жатыр, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Науқастармен байланыста болған 3 148 адам тексерілді. Олардың барлығына алдын ала сақтандыру емі жасалған.

"Жансақтау бөлімінде науқас қалмады" делінген мекеме мәлімдемесінде. Басқарма ақпаратына қарағанда, сегіз күн бойы Алматыда менингококк инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

Жыл басынан бері Қазақстанда менингит жұқтырған 60 адам тіркелді. Олардың 13-і көз жұмды. Алматы мен Алматы облысында 10 адам, Оңтүстік Қазақстанда - екі, Қызылордада бір адам менингиттен қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1230
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2757
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 883
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 836