Бішкек қалалық соты алдында шешім шығарар күні Сапар Исаковты қолдау акциясы өтті.
Осыған дейін Первомай аудандық соты Исаковты ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысына қамау туралы шешім шығарған.
5 маусымда ҰҚМК Исаковты «Бішкек қаласында жылу электр станциясын модернизациялау» жобасын жүзеге асыру барысында жемқорлыққа барды деген айыппен ұстаған.
Оған «ҚР президент әкімшілігі жетекшісінің сыртқы саясат жөніндегі орынбасары қызметінде жүргенде, шетелдік компанияның мүддесін қорғады» деген айып тағылған.
Исаков өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. «Бұл барып тұрған әділетсіздік. Айтарға сөзім жоқ», - деген Исаков журналистерге берген сұқбатында.
Abai.kz