Ет экспорты жөнінен БҚО-ның әлеуеті зор - Қ.Ақон
ОРАЛ. 17 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы Елбасы Жолдауында етті мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген болатын.
Ал ет экспорты жөнінен БҚО-ның әлеуеті зор. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы Қали Ақон мәлім етті.
Өткен жылы Зеленов ауданына қарасты Янайкин ауылы маңында ірі мал бордақылау кешені іске қосылғаны мәлім. Бұл бір мезгілде 8640 ірі қараны бордақылауға мүмкіндігі жететін әрі өзінің жем өңдейтін, мал соятын, сондай-ақ басқа өндірістік құрылымдары бар алып нысан. Тап қазір мұнда 1,5-2 жасар мың жарым бас тайөгіз семіртілуде. Бұл шаруа 88 адамның «екі қолына бір күрек» тауып беріп тұр. Ал кешеннің өндірістік қуаты толық іске қосылғанда 104 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Мамандардың айтуына қарағанда, бүгіндері аталмыш мал бордақылау кешеніне тұрақты түрде ірі қара тапсырып тұратын шаруашылықтар анықталуда. Тілге тиек болып отырған нысанда сойылған малдың еті мұздатылып емес, яғни, дәмдік қасиетін жоймау үшін салқындатылған күйі сауда-саттыққа, соның ішінде сыртқы рынокқа да шығарылмақ. Аталмыш мал бордақылау кешені Елбасының биылғы Жолдауында айтылған ет экспорты мәселесі бойынша БҚО-ға қоса, жалпы еліміздің сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға айтулы ықпал етері шүбәсіз.

Бүгінгі таңда облыс аумағында қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын өсіретін 15 және сүтті бағыттағы ірі қараны бағып-күтуге маманданған 2 шаруашылық бар. Етті бағыттағы ірі қара өсіруге маманданған «Чапаев» асыл тұқымды мал зауыты және «Айсұлу», «Сәбит», «Шонайбеков», «Ілбішін» сықылды шаруашылықтар жыл санап шаруасын өрлетіп келеді. Ал Орал ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы - ет бағытындағы ірі қараның герефорд түрін өсіретін бүкіл республика бойынша жалғыз шаруашылық.
Сонымен бірге сүтті бағыттағы ірі қара санының кемуі алаңдатады. Әрине, етті тұқымнан гөрі сүтті сиырды баптап-күту қиын. Біріншіден, оның орны жылы және құрғақ болуы тиіс. Екіншіден, «Сиырдың сүті тілінде» дегендей, жасыл балауса шөп пен құрама жемнің мол қоры керек. Үшіншіден, тұрақты сүт тауарлы ферма ұйымдастыру үшін арнайы құрал-жабдықтар мен аспаптар қажет.
Маманның пікірінше, сүт бағытындағы мал шаруашылығын қазіргі заманауи талаптарға сай ұйымдастырған тек Теректі ауданындағы «Ақас» агрофирмасы мен Зеленов ауданындағы мейлінше қуатты «Каркула» шаруа қожалығы. Қалған ұсақ-түйек 6-7 шаруашылықты олардың қатарына қою тап қазір мүмкін емес. Мәселен, жоғарыда аталған «Ақас» агрофирмасы шетелден 229 асыл тұқымды сүтті сиыр сатып алды. Голланд текті сол гольштин сиырынан бір маусымда 9-10 мың литр сүт саууға мүмкіндік бар. Агрофирманың сүт өндіретін, өңдейтін әлеуеті бүгінгі заман талабына сай.
Жалпы, ірі қара өсіруге ден қойған Бөрлі, Тасқала, Теректі, Зеленов аудандарындағы шағын шаруашылықтардың сүтті тұқымды сиыр санын көбейтіп, тұрақты өнім өндіру мен өңдеудің кешенді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндігі мол. Өйткені, оларға қалалық (Орал мен Ақсай) тұтыну нарығы жақын, қала берді, терең өңделген өнімді көршілес Атырау облысына жөнелту де қиын емес. Басқа да қолайлы жағдайлар баршылық. Мәселен, Оралдағы «Береке» ЖШС-ін алайық. Аталған ұжым көптен бері беларустық әріптестерімен іскерлік басланыста. Қазір тараптар арасында біріккен кәсіпорын құру туралы келіссөздер жүріп жатыр. Мақсат - ұнтақты сүт өндіретін, қуаттылығы жоғары, тауарлы сүтті фермасын құру. Беларусь елімен бірге Кедендік одаққа Қазақстан да енгендіктен, аталған жоба іске аса қалса, қайтарымның қарымды болары сөзсіз.
-Сиыр етін де, сүтін де өндіру, өңдеу ісіне озық технологияны батыл енгізе отырып, бұл саланың экспорттық әлеуетін арттыра түсуіміз шарт, -дейді Қали Ақон, - Қазір біз облыс халқын сиырдың етімен де, сүтімен де толық қамтамасыз етіп отырмыз. Әсіресе, басқа облыстармен салыстырғанда, ет өндіруден әлеуетіміз жоғары. Бұл бағыттағы ортақ жұмысқа Янайкиндегі кешен мен «Жайық ет» кәсіпорнының сүбелі үлес қосары күмәнсіз.
Соңғы жылдары мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын қолдаудың күшеюі, ірі қара өсірушілерге де қолайлы жағдай туғызуда. Үкіметтен берілетін демеуқаржының мөлшері де жыл өткен сайын көбейе түсуде. Мәселен, соңғы жылдары асыл тұқымды мал өсіруге республикалық қазынадан, ал ет пен сүт өндіруге, аналық малды ұстауға облыстық бюджеттен ұдайы қаржы бөлініп келеді. Тек былтыр республикалық бюджеттен сиыр етін өндіруге 193 млн, ал сүт өндіріп-өңдеуге 28 млн. теңге демеуқаржы берілді. Мал азығын дайындауға да жыл сайын демеуқаржы қарастырылып келеді. Былтырғы қуаңшылыққа орай жеке меншіктегі аналық мал қорын сақтауға да қомақты қаржы бөлінген екен. Мамандар барлық бөлінген ақшаның толық игерілгенін алға тартып отыр.
Ірі қара шаруашылығының келешегі зор. Өйткені көршілес Ресей тарапынан, әсіресе, қазақстандық сиыр етіне тұрақты сұраныс бар. Басқаны айтпағанның өзінде, Қазақстан келешекте жыл сайын солтүстіктегі көршіге 65 мың тонна етті экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Соның шамамен 5-6 мыңы БҚО-ның үлесіне тимек. Сонымен қатар, қазақтың асыл тұқымды ақбас сиырын да сыртқы рынокқа тұқымдыққа ұсыну артық болмас еді. Қазір бұл тек мемлекет қолдауына ғана тәуелді боп отырған шаруа.
-Біздің өңір көптен бері Атырау мен Маңғыстау облыстарын ет-сүт және осы бағыттағы өңделген өнімдермен қамтамасыз етіп келеді. Әлі де солай бола бермек. Себебі көршілерден сұраныс тасқыны бір сәт те кеміген емес. Әрі өзіміз де ірі қараның ет мен сүтіне кет әрі емеспіз. Сөйте тұра, біз сыртқы нарықтағы, әсіресе, «иек астындағы» Ресей нарығындағы белсенділігімізді арттыра беруіміз керек, - деді Қали Ақон.