Сенбі, 23 Қараша 2024
3313 0 пікір 18 Маусым, 2018 сағат 10:24

Адам қаққан такси жүргізушісі ұйықтап кеткен

Мәскеу қаласының орталығында сенбі күні көшеде кетіп бара жатқан бірнеше адамды қаққан такси жүргізушісі 28 жастағы Қырғызстан азаматы Шыңғыс Анарбек уулу жылдамдық пен тежегішті шатастырып алғанын мәлімдеген.

Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша басқармасы такси жүргізушіден жауап алған кезде түсірілген видеоны жексенбі күні сайтында жариялады.

Жүргізуші алкогольді ішімдік ішпейтінін, апатқа тап болғанға дейін 20 сағат көлік айдағанын, ал оның алдында небары екі-ақ сағат ұйықтағанын айтқан. Оның сөзінше, автокөлік жүргізуші куәлігін 2013 жылы алған, екі жыл көлік жүргізу тәжірибесі бар оның Мәскеуде көлік айдап жүргеніне бір ай болған. Ол өзінің қатысуымен болған оқиғаға өкінетінін айтқан.

Бұған дейін ресейлік "Интерфакс" агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, Мәскеу орталығында болған төтенше оқиғаға жүргізушінің көлік айдап келе жатып ұйықтап кетуі себеп болған деп хабарлаған.

"Медициналық тексеру қорытындысы такси жүргізуші Шыңғыс Анарбек уулуның ағзасында алкоголь жоғын анықтады", - деген ол "Интерфакс" агенттігіне.

Мәскеудің орталығындағы Ильинка көшесінде маусымның 16-ы күні такси көлігі кенетен жол белгісін басып өтіп, жаяуларға арналған тротуармен кетіп бара жатқан адамдарды қаққан. Оқиға салдарынан жеті адам зардап шегіп, дәрігер көмегіне жүгінген, қазаға ұшырағандар жоқ. Мексиканың Мәскеудегі елшілігі Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында бұл оқиғадан зардап шеккендер арасында "болмашы" жарақат алған екі мексикалық азамат барын және олардың "жағдайы тұрақты" екенін хабарлаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396