Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1838 0 пікір 12 Маусым, 2009 сағат 11:31

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ. Темекiнiң тyтiнi келешек ұрпақтың санасын улауда

Темекi тартатын 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер саны былтыр жыл соңында 120 мың болатын, бұл көрсеткiш небары 4-5 айдың iшiнде 140 мыңға дейiн өсiптi. Өкiнiштiсi сол, елiмiзде 8 жастан бастап саусағына шылым қыстырған бүлдiршiндер бар. Бұл ресми дерек. Ал бейресми деректердiң бұдан бiрнеше есеге сорақы болары сөзсiз. Ал Қазақстандағы темекi компаниялары тапқан ас та төк пайданың 80-90 пайызы мемлекеттiк бюджеттiң емес, шет мемлекеттердiң қанжығасында.

Темекi тартатын 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер саны былтыр жыл соңында 120 мың болатын, бұл көрсеткiш небары 4-5 айдың iшiнде 140 мыңға дейiн өсiптi. Өкiнiштiсi сол, елiмiзде 8 жастан бастап саусағына шылым қыстырған бүлдiршiндер бар. Бұл ресми дерек. Ал бейресми деректердiң бұдан бiрнеше есеге сорақы болары сөзсiз. Ал Қазақстандағы темекi компаниялары тапқан ас та төк пайданың 80-90 пайызы мемлекеттiк бюджеттiң емес, шет мемлекеттердiң қанжығасында.
Жуырда Мәжiлiс мақұлдаған “Денсаулық сақтау жүйесi туралы халық кодексi” ендi Сенат талқысына түспек. “Темекi түтiнiнен азат Қазақстан үшiн” халықтық коалициясының мүшелерi тарапынан ұсынылған бұл құжатта темекi компанияларын демеушiлiк жасауға тыйым салу; шылым қораптарының сыртында темекi тартудың қандай зардаптарға әкеп соғатынын анық әрiптермен жазу; темекi өнiмдерiн сататын нысандарды барынша азайтып, оларды бiр-бiрiнен барынша алшақ орналастыру. Кейбiр дамыған елдерде қораптың жартысына орналастырылған темекiнiң зияны туралы ескерту адамдар психологиясына айтарлықтай әсер ететiнi анықталған. Заңды ресми түрде бекiтiп алғаннан кейiн Коалиция мүшелерi акциздердiң көбейтiлуi, балалардың шылымды сатып алуына тосқауыл қою т.б. өзектi мәселелер жолында күресудi мiндет етiп отыр. Соңғы мәлiметтерге сүйенсек, елiмiздегi 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдердiң 140 мыңы темекi тартады екен. Бұл ресми дерек. Ал бейресми деректердiң қашан да әлдеқайда жоғары болатыны сөзсiз. Сорақысы сол, 8 жасынан бастап саусағына шылым қыстырған балалар кездеседi. Ал ересектерге келсек, соңғы 4 жылда темекiге әуестенгендер саны 22,6 пайыздан 30 пайызға дейiн өскен. Олардың жалпы саны – 4,2 млн. ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiндегiлер жыл сайын темекi тартатындар арасында өкпенiң қатерлi iсiгiнен 3000-нан астам адамның қайтыс болатынын, ал жүрек-қан тамырлары дертiне шалдыққандар саны соңғы 5 жылда 2 есеге көбейген. 727 мекеменiң 42 458 қызметкерi мүшелiкке өткен. “Темекi түтiнiнен азат Қазақстан үшiн!” қозғалысына медициналық ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттiк ұйымдардың өкiлдерi атсалысады. Маңызды жайт, былтыр Сенат талқысына түкен заң жобасында сенаторлар пiкiрi екiге бөлiнгендiктен, темекi саудасын шектейтiн құжаттың қабылдануына санаулы ғана дауыс кем түскен көрiнедi. Пайдаға шашетектен кенелетiн темекi компанияларының аталған заңдық құжатқа барынша қарсыласып бағары сөзсiз. Айтпақшы, мемлекеттiк бюджетке темекi компанияларынан түскен пайданың 80-90 пайызы шекара асады екен. Демек, отандасты улаған шылымның қызығын шет мемлекеттер көруде. Мұны ҚР Сауда-өндiрiстiк палатасындағылар да мойындайды. Олардың кейбiрi тiптi, Коалицияға мүшелiкке өткен. Егер заң жобасы қабылданса, талай пенденi темекiнiң тырнағынан арашалап алуға болатыны анық. Отандық психологтар шылым шегетiндердi қоғамдық тәртiптi ескертмейтiн бұзақылар ретiнде емес, психологиялық тұрғыда қолдауға зәру жандар ретiнде қарау керектiгiн көлденең тартады.
Темекiмен күрестiң алуан түрi бар. Мысалы, Данди қаласында (Шотландия) әлеуметтiк ахуалы төмен отбасыларға темекiмен қош айтысатын болса, 150 фунт (300 доллар) көлемiнде жәрдемақы тағайындалған. Ресми деректерге сүйенсек, Дандидегi кедейшiлiктiң қамытын киген отбасыларда 37 мың тұрғын темекiнiң түтiнiнсiз тұра алмайды екен. Егер материалдық тұрғыда қызықтыру шындап қолға алынса, аяғы ауыр талай келiншекке сеп болары хақ. Кейбiр елдерде, мысалы, Ирландияда “түтiндеткiсi” келетiндерге жұмыс орнында емес, сыртқа, яғни, арнайы орындарға бару мiндеттелген. Бастапқыда қоғам тарапынан қатты қарсылыққа ұшыраған бұл тыйымға ирландиялықтар уақыт өте келе риза болған.
Исландия мен Таиландта темекiнi кез келген жерден сатып алуға тыйым салынғаннан кейiн шылымға әуестенген жастар саны бiрден 10 пайызға азайыпты. Осы екi елдiң тәжiрибесiн ендi Ұлыбритания үкiметi қайталағалы отыр. Өткен аптада Лондон темекiмен күрес ретiнде дүкендер сөрелерiнде темекiнi ашықтан ашық жарнамалауға, яғни, сатуға заң жүзiнде қатаң тыйым салды. Ағылшындардың бұл тәсiлi жақын күндерi Шотландия, Солтүстiк Ираландияда жүзеге асырылуы мүмкiн. Еуропалық одақ 2025 жылға дейiн темекi өнiмдерiн ашық саудадан мүлде алып тастауды мақсат етуде. Үстiмiздегi жылдың қыркүйегiнде Еуропалық комиссия темекiге қарсы күрестiң жаңа жобаларын ұсына отырып, бөлшек саудадағы шылым бағасын 67 пайызға дейiн өсiруге ұсыныс бiлдiрдi. Негiзi Еуропаның бiрқатар елдерiнде темекi өте қымбат тұрады. Жер шарының үкiметтерi адам ағзасына, әсiресе, өскелең ұрпақтың келешегi мен бүгiнгi өмiрiне үлкен қауiп төндiрген тажал – темекiмен күреске көңiлдерi толмайды. Түрлi тыйымдарды қарастыруда белсендiлiк танытуы да сондықтан. Халықаралық сарапшылар шылымның ашық саудадан алынып тастауы темекi тартатындар санының күрт азаюына ықпал ететiнiн айтады. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi әлемнiң 2 миллиардтан астам жеткiншегi темекiнiң түтiнiмен уланғанын айтады.
Қазақстанға келсек, республика халқының 27 пайызы, яғни, 4 миллионнан астамы шылымға әуестенгендерден. Сол 4 миллионның 600-ден астамы қыз-келiншек болса, 140 мыңы 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер көрiнедi. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi әлемдегi барлық мемлекеттiң үкiметтерiн темекiнi жарнамалауға заң жүзiнде қатаң тыйым салуға шақырудан шаршамай жүр. Өйткенi, табак өнiмдерiнiң дүкен сөрелерiнде самсап тұруы үгiт-насихаттық тұрғысынан алғанда керi әсер етедi. Мысалы, Қазақстан азаматтарының басым бөлiгi 20 толмай жатып, шылымның “дәмiн” татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына – 25 мың, күн сайын 70 пенде темекiнiң кесiрiнен туындаған түрлi дерттерден көз жұмады. Халықаралық ұйым өкiлдерi жүргiзген зерттеу жұмыстары балалар темекi тартуды неғұрлым ерте бастаса, никотиннен бас тарту соғұрлым қиынға түсетiнiн дәлелдедi. Оның үстiне, медициналық тұрғыда дәлелденген жайт – темекi тартатындардың 95 пайызы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұрынады. Ал тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын жер жастанады...
Темекiмен күресте Қазақстан Үкiметi атқарып келе жатқан шаралар көп. Мысалы, ҚР “Темекi тартуды шектеу мен алдын алу туралы” Заңға сәйкес, темекi өнiмдерiн өндiрушiлер мен оны сырттан тасымалдаушылар жыл сайын iшкi нарыққа ұсынатын өнiмдердiң құрамы туралы Үкiметке есеп берiп отыруға мiндеттi. Үстiмiздегi жылдың 1-қаңтарынан бастап, шылым қораптарының сыртындағы “Шылым шегу сiздiң денсаулығыңызға өте зиянды!”, “балаларды темекi түтiнiнен қорғаңыздар!”, “темекi шекпейтiндердiң өмiрi ұзақ” деген жазудағы әрiптер көлемi 30 пайызға үлкейтiлдi. Көшелерден темекiнiң зиянын ескертетiн жарнамаллық қағаздар көптеп iлiне бастады. “Бизнес сарап” тәуелсiз агенттiгi 2008 жылдың соңына дейiн Қазақстандағы 25 млрд. дананың көлемiндегi шылым өндiрiсi 28-29 млрд. данаға (1,4-1,5 млрд. қорап) өстетiнiн көлденең тартады. Бұл көрсеткiш бүгiнде 25 млрд. дананың көлемiнде. Өнiм өндiру қарқыны тұтынушылық сұранысқа тәуелдi. 25 млрд. дананың 29 млрд.-қа өсiрiлетiнiне қарап, темекi тартатындардың саны өсiп келе жатқанын аңғарамыз. Қазiргi кезде iшкi нарықта екi компания – “Филипп Моррис Қазақстан” (56,4%) мен “Галахер Қазақстанның” (40%) үлес салмағы басым. Қалған бөлiк шет елдерден темекi тасымалдайтын компаниялардың еншiсiне тиедi. Еуропаның шылыммен күреске қатысты көтерген бастамасын қыркүйектiң ортасында “Темекi түтiнiнен азат Қазақстан үшiн” ұлттық коалициясының өкiлдерi де қолдады. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi жөнiндегi ұлттық орталықтың елiмiздегi iшiмдiк пен темекi өнiмдерiнiң заңды түрде сауда айналымына енгiзiлуiн жақсарту мақсатында жүргiзген сараптамалық зерттеу нәтижесiнде бiраз кемшiлiктiң бетi ашылыпты.

 


Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ
«Түркістан» газеті 4 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608