Сенбі, 23 Қараша 2024
3808 0 пікір 2 Шілде, 2018 сағат 12:26

Бердымұхамедов Аралды құтқару қоры саммитіне Мирзияевті шақырды

Өзбекстан және Түркіменстан президенттері Шавкат Мирзияев пен Гурбангұлы Бердымұхамедов телефонмен келіссөздер өткізді, деп хабарлады өзбекстандық президенттің баспасөз қызметі.

"Түркіменстан президентінің Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық бастамаларына жоғары баға берілді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Гурбангұлы Бердымұхамедовтің биыл сәуір айында Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары жемісті болғаны атап өтілді.

Келіссөздер барысында сауда, өндірістік кооперациялар, энергетика, көлік және транзит коммуникациясын дамыту, сонымен бірге мәдениет саласында әріптестікті арттыру мүмкіндіктері талқыланды. Президенттер аймақтағы және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Түркіменстан президенті өзбек әріптесін биыл тамыз айында Ашхабадта өтетін Аралды құтқару халықаралық қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366