Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Біздің шенеунік 9480 13 пікір 11 Шілде, 2018 сағат 10:32

Зейнеткер депутаттар: еріккендер мен зеріккендер

«Общагтың» жинаған ақшасымен дайындалған дастарханның ең қадірлі қонағы - депутаттар

Қазақстанда негізгі заң шығарушы орган – Мәжіліс. Онда 107 депутат жұмыс жасайды. Алтыншы шақырылымдағы осы сессияны қалғып-мүлгіп, ілініп-салынып жүріп өткерген депутаттар қазір демалысқа шыққан. Әл-дәрмені жеткендер ел-елді аралап жүрген көрінеді. Қайсы бір қарық қылып жүр дейсіз?.. «Депутат келе жатыр» дегенді ести сала дедек қағып дайындалған жергілікті басшылар ұйымдастырған формальді кездесулер ертең есеп беруге керек. Форматы да жаттанды.  Әуелі, кәсіпорын, зауытты аралайды. Сосын бір мектептің акт-залында немесе Мәдениет үйінің залында жылдар бойы жиналыстан қалмайтын "саяси өмірде өте белсенді" жүзі таныс жұртпен кездеседі. Залға келген жұрт та тәжірбелі ғой, басы артық сұрақпен көп мазаламайды. Сөйтіп, «общаг» жинаған ақшаға дайындалған дастарханның ең қадірлі қонағы болады. Бұл бұған дейін жылдар бойы қалыптасқан формат. Әгәрәки, бұлай болмаған болса, тағы кәне?!

Демалсын, әрине. Осы жолы 91 заңды және заң жобасын қарап, талқылап, түзетіп, бекітіп Сенаттың қарауына жіберген екен. Мәжіліс депутаттарының бастамашылық етуімен қаралған құжат саны – 8. Президенттің бастамашылық етуімен қаралған құжат саны – 2. Сондықтан да, "қатты шаршаған" олардың демалысы да заңды.

Енді аздан соң,  үш айлық ұзақ демалысын бітіріп, оқушылар алтын-ұя мектебіне оралды. Құдая тәубе, өткен оқу маусымында бесінші сынып оқығандар алтыншы сыныпқа көшеді, алтыншы оқығандар жетіге жылжиды. Сол оқушылармен жағаласа біздің депутаттарымыз да жазғы демалыстан қайтады. Бірақ, сыныбы оқушылардай өспейді. Баяғыдай қажет кезде қол көтеріп, әйтпесе дымбілмес оқушыдай аузын буып отырғаны. Осылай "өз парталарына" қонжияды. Сол партадағылардың, яғни осы 107 кісінің ішінде зейнет жасынан асып кеткендері көп екен.  Енді сол жайлы жазайық.

40-қа толмаған небәрі жеті-ақ дептутат бар 

Нақты факті – 40-қа толмаған, қызу жұмысқа қазір-ақ дайын тұрған депутаттардың саны небәрі 7 екен. Ең жас депутат - Геннадий Шиповских. Биыл 29 жаста.

Ал 40-тан асып, 50-ге таяғандардан 15 адам. 50-ден асқан 45 адам болса, 60-тан асқан 6 депутат бар екен.

Олардың кім екенімен жіті танысамын дегенге міне, тізімі:

40 жасқа дейінгілер:

Геннадий Шиповских – 29 жаста

Әлия Сапарова – 34 жаста

Наринэ Микаелян – 35 жаста

Серік Сәпиев – 35 жаста

Снежанна Имашева – 37 жаста

Мақтияр Мәкен – 37 жаста

Бақытгүл Хаменова – 37 жаста

40-50 жас аралығында:

Мұрат Теміржанов – 41 жаста

Берік Оспанов – 42 жаста

Артур Платонов – 44 жаста

Сергей Симонов – 45 жаста

Айқын Қоңыров – 46 жаста

Магеррам Магеррамов – 47 жаста

Петр Шарапаев – 47 жаста

Иван Клименко – 48 жаста

Айзада Құрманова – 48 жаста

Асылбек Смағұлов – 48 жаста

Гүлнар Бижанова – 49 жаста

Анар Жайылғанова – 49 жаста

Глеб Щегельский – 49 жаста

Ольга Шишигина – 50 жаста

Сапархан Омаров – 50 жаста

50-60 жас аралығында:

Әбдіров Нұрлан  – 57 жаста

Абсатиров Кеңес – 59 жаста

Жамбыл Ахметбеков – 57 жаста

Сапар Ахметов – 53 жаста

Ерлан Барлыбаев – 51 жаста

Әбдіманап Бектұрғанов – 60 жаста

Марат Бопазов – 55 жаста

Амангелді Дәуренбаев – 51 жаста

Нұрлан Дулатбеков – 56 жаста

Абзал Ералиев – 58 жаста

Құдайберген Ержан – 59 жаста

Мұхтар Ерман – 55 жаста

Дания Еспаева – 57 жаста

Қожахан Жабағиев – 58 жаста

Аманжан Жамалов – 58 жаста

Наталья Жұмадәлдаева – 53 жаста

Сергей Звольский – 55 жаста

Павел Казанцев – 58 жаста

Балайым Кесебаева – 52 жаста

Евгений Козлов – 58 жаста

Меруерт Қазбекова – 57 жаста

Уәлихан Қайназаров – 59 жаста

Сәкен Қаныбеков – 52 жаста

Фахриддин Қаратаев – 55 жаста

Арман Қожахметов – 51 жаста

Серік Құсайынов – 54 жаста

Бейбіт Мамраев – 61 жаста

Мансұрхан Махамбетов – 53 жаста

Қанат Мусин – 52 жаста

Кәрібай Мұсырман – 61 жаста

Дархан Мыңбай – 56 жаста

Айгүл Нұркина – 52 жаста

Жәмила Нұрманбетова – 54 жаста

Нұрлан Нығматулин – 56 жаста

Васили Олейник – 62 жаста

Жанат Омарбекова – 57 жаста

Сәкен Өтебаев – 52 жаста

Шавкат Өтемісов – 55 жаста

Азат Перуашев – 51 жаста

Мейрам Пішембаев – 59 жаста

Альберт Рау – 58 жаста

Нұртай Сабильянов – 56 жаста

Серік Сейдуманов – 61 жаста

Бақытбек Смағұл – 58 жаста

Александр Суслов – 58 жаста

Юрий Тимощенко – 56 жаста

Бекболат Тілеухан – 52 жаста

Ирина Унжакова – 54 жаста

Шакир Хахазов – 60 жаста

Тарас Хитуов – 54 жаста

Галина Баймаханова – 54 жаста

 

Мәжілістегі зейнеткерлер:

Роман Ким – 63 жаста

Михаил Чириков – 64 жаста

Омархан Өксікбаев – 64 жаста

Асқар Базарбаев – 64 жаста

Ерсұлтан Бектұрғанов – 66 жаста

Бақытжан Ертаев – 66 жаста

Байділдә Жылқышиев – 66 жаста

Сауытбек Әбдірахманов – 67 жаста

Жанат Жарас – 67 жаста

Ахмет Мұрадов – 67 жаста

Абай Тасболатов – 67 жаста

Жексенбай Дүйсебаев – 68 жаста

Шаймардан Нұрымов – 68 жаста

Серік Үмбетов – 68 жаста

Владимир Божко – 69 жаста

Қабиболла Жақыпов – 69 жаста

Бақтықожа Ізмұхамбетов – 70 жаста

Тұрғын Сыздықов – 71 жаста

Қуаныш Сұлтанов – 73 жаста

Владислав Косарев – 81 жаста

Өздері жазатын Заңға өздері бағынбай ма?

Әйелдер 58 жаста зейнетке шығуы тиіс. Осы уақытқа дейін ерлер 63-ке толғанда, әйелдер 58 жасында зейнетке шығып жүрсе, қазір аналарымыздың зейнет жасы жыл сайын алты айға ұзарып отыратын болды. Сөйтіп 2027 жылы ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы теңеседі.

Ирина Смирнова – 58 жаста

Зәуреш Аманжолова – 60 жаста

Құралай Қарекен – 60 жаста

Татьяна Яковлева – 60 жаста

Зағипа Балиева – 60 жаста

Гүлнар Иксанова – 60 жаста

Ирина Аронова – 61 жаста

Гүлмира Исимбаева – 61 жаста

Светлана Бычкова – 61 жаста

Айсина Майра – 62 жаста

Екатерина Никитинская – 63 жаста

Гүлжан Қарақұсова – 68 жаста

Қазақстанда Заң бар. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң. 2013 жылғы 21-маусымдағы № 105-V Заң. Онда ҚР Азаматтарының зейнетке шығу жасы және тәртібі тайға таңба басқандай анық жазылған.

Ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жас, әйелдер үшін – 58 жас 6 ай. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңының 11 бабына сәйкес әйелдер үшін зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айға көтеріледі.

Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезең-кезеңмен көтерілуі:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;

......

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда.

Осылайша, бұл 1960-1964 ж. ж. туған әйелдерге қатысты болады.

Міне, жоғарыда Заңға сүйеніп айтайық. қазір уақытша демалысқа кеткен депутаттардың ішінде зейнет жасына шықса да, қызмет жасап жүргендер бар. Олар сонда Қазақстан Заңына, яғни өздері жазатын Заңға бағынбай ма? Енді солардың аттарын атап, түстерін түстеп жазайық.

Әуелі ерлер жайлы айтсақ, 63 жасқа толып, әлі де депутаттық қызмет жасап жүрген 20 адам бар.

Лениннің денесін жоқтаған - Влад ата

Мәжілістегі ең егде депутат Владислав Косарев екен. Сексеннің сеңгіріне шықты биыл. Кәрі сүйек коммунист сайлаудың санын көрген. Қайсыбір жылы түлен түртті ме, жоқ түсінде көріп, шошып оянды ма, әйтеуір ешкім керек қылмаған көсемнің қаңқа сүйегін қазақ жеріне әкелу туралы ұсыныс айтқан. Қазан төңкерісінің 100 жылдығында. Мәскеудің Кремльінде жатқан пролетариат көсемі Лениннің мүрдесін әкелейік дегенді осы Влад ата Мәжілісте көтерген.  Дәл сол жылы Дума даурығып, «Кремльде жатқан қаңқаның көзін құртайық» деп бастама көтергенде, «сендерге керек болмаса, бізге керек» деп өзеуреген. Кейін Мәскеу Ленинді Кремльде қалдырды.

Қазақ Ханы Кеңесарының бас сүйегін елге қайтару мәселесінде "ләм-мим" демеген, кешегі Кейкі батырдың басын елге жеткізерде жақ ашпаған Косарев еді ғой бұл.

Айта берсек, 73 жасқа келген Қуаныш Сұлтанов, 70-тен асқан Бақтықожа Ізмұхамбетов пен тағы бір коммунист Тұрғын Сыздықов, олардың өкшесін басып жеткен Божко мен Үмбетов, Жақыповтар жайлы да әр түрлі әңгіме өріп жүр. Бұлар кезінде едәуір қызметте болып, пенсияға шыққан соң көңіл жықпастықпен тағайындалғандар.

Айтпақшы, 2015 жылы Тұрғын Сыздықов коммунистердің атынан президенттік додаға түскен. 145 756 адамның немесе сайлаушылардың 1,61 пайыз дауысын алған. Оған дейін Тұрғын Сыздықовтың есім-сойы елге белгісіз еді. Ел басқарамын деп екіленгенде, ең құрығанда төрт жылда бір рет төбесін көрсететін Жармахан Тұяқбай құрлы дауыс жинай алмаған. Ол да факт.

Ал депутаттық креслода отырған зейнеткер апалардың ішінде ең егдесі Қарақұсова екен. 68 жаста. Зейнеткер депутат апалардың саны – 12. Ирина Смирнова 58-ге енді толады. Комунистердің партиялық тізімі арқылы 2016 жылдың наурызында Мәжіліске кірген. 1960-жылы 21 шілдеде қырғыздың Ыстық көлінде туған.  Демек, 21-желтоқсанға дейін депутаттық қызметін жалғастыра беруіне еш кедергі жоқ. Желтоқсанның 21-күні Ирина ханым 58,5 жасқа толады.

Ал алпыстан асқан 11 депутат ханымның заңды белшеден басқаны анық. Енгізілген өзгеріске сәйкес, алпыстағы апалар депутаттық қызметті тек 2021 жылдың 1-қаңтарынан кейін ғана жалғастыра алады. Өкінішке орай, ол кезде  60-тағы апалар 63-ке толады. Сөйтіп, 2027-жылға дейін жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады. Ал Ирина Аронова бастаған 61 жастан асқан апалар толық зейнет жасына жеткендіктен депутаттық креслоларын босатулары керек болады. Өйткені Заң бәрімізге ортақ.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

 

 

 

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052