Екі елдің үкімет басшылары өзбек-тәжік президенттері кездесуінің жоғары деңгейде өтуін пысықтаған. Сонымен бірге өзбек басшысы Шавкат Мирзияевтің биыл наурыз айында Тәжікстанға барған сапары кезінде қол қойылған келісімдердің жүзеге асырылуын талқылаған.
«Әртүрлі деңгейде жүріп жатқан екіжақты қарым-қатынас нәтижесі жоғары көрсеткіш беріп жатыр. 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығында сауда айналымы былтырғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға өсті», – деп хабарлайды Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі.
Екіжақты кездесу барысында Өзбекстан тарабы Тәжікстан президентінің сапары қарсаңында "Тәжікстанда өндірілген" деген көрмені және өзбек-тәжік бизнес форумын елінде өткізуді құптаған.
Abai.kz