Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Алаң 4659 16 пікір 17 Шілде, 2018 сағат 10:33

Өз баласын өзі оқытпаған, өз ғылымын өзі жасай алмаған елдің Тәуелсіз болуы екіталай

Биыл көп ЖОО-ларға азды-көпті гранттар беріліп жатыр. Көптеген университеттер студенттерге қарық болатын түрі бар. Бірақ сәл кешеуілдеп қалмадық па деген сұрақ мазалайды.

Бүкіл Қазақстанда 500 мыға жуық студенттер болса, тек Ресейде ресми біздің 67000 азаматымыз тегін білім алуда екен(ақиқатында мұны кемі екіге көбейтуге болады). Былтыр көрші Қытай бізге 14000 грант бөліпті деген сыбысты ешкім жоққа шығармады.

Дәл бүгін бірнеше ұлттық статусы бар университеттеріміздің аудиториялары(студенттер азайып кеткен) бос, яғни болашағы бұлыңғыр. Сәл-пәл жағдайы бар ата-анамен сөйлесе кетсең баламды шетел оқытам деп әңгіме бастайды. 

Енді бір 7-8 жылда мектеп бітіретін оқушылардың көбі іле-шала ағылшынды меңгеріп шығатынын ескерсек(яғни көбі шетелге кетеді оқуға), біздің университеттердің жағдайы жақсармасы тағы анық. 

Өз баласын өзі оқытпаған, өз ғылымын өзі жасақтай алмаған елдің тәуелсіз болуы екіталай. Яғни ең кемі бүгінгі ұлттық статусы бар университтердің болашағы, ол түптің түбінде ертеңгі Тәуелсіз Қазақстанның болашағы. 

Қоғам мен үкімет қайта-қайта жар салып жатқан ашықтық пен тазалық, тәртіп пен ынсап, креатив пен бастамашылдық ең бірінші университет(жалпы білім ордалары) қабырғаларында жүзеге асуы керек.

Дәурен Бабамұратов

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052