Қазақстан мен Чехия дипқұжат иелері үшін визасыз режим туралы келісті
Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ - Прагада Қазақстан мен Чехия үкіметтерінің арасында дипқұжат иелерін визалық талаптардан босату және екі елдің аумағында заңсыз жүрген адамдардың реадмиссиясы туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды қазақстандық СІМ баспасөз қызметі.
«22-23 ақпанда Прагада жауапты хатшы Рапиль Жошыбаев бастаған Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің делегациясы Чех Республикасы сыртқы саясат ведомствосындағы әріптестерімен консультация жүргізді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасында Қазақстан Республикасының дипломаттық төлқұжат иелерін және Чех Республикасының дипломаттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімі» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Чех Республикасының Үкіметі арасында екі елдің аумағында заңсыз болатын азаматтарының реадмиссиясы туралы келісімге» қол қойылды.