Сенбі, 23 Қараша 2024
Қырдағы әңгіме 3152 3 пікір 19 Шілде, 2018 сағат 09:24

Трамп өз барлаушыларына емес, Путинге сенеді

«АҚШ президентін сынаушылар Трамптың "Ресей президенті Владимир Путинге өз барлаушыларымнан қарағанда көбірек сенемін" дегенін жаппай сынға алған.

17 шілдеде Трамп журналистерді Ақ үйге жинап, "Американың арнайы қызметіне Ресей президентіне қарағанда көбірек сенетінін" айтты"

18 шілдеде Трамп Хельсинкиде "сөзден жаңылғанын" мойындады

АҚШ президенті Д.Трамптың Ресей президенті В. Путиннің алдында салмағынан айрылып, елпеңдей қалғанын әлем ақпараты жарыса жазуда.

Трамптың Ресей президенті Путинге деген ерекше «сүйіспеншілігі мен зор махаббатының» сырын көпшілігі іштей сезгендерімен, сырттай айғайлап айта алып жатқан  жоқ.

Сонымен бірге Трамптың «Еуроодақты тарату керек», Терезе Мэйге «Еуро одақты сотқа бер» деп ақыл айтуы, т.б. қызық-қызық мінездеріне біреулер күліп, енді біреудің жылағысы келеді. Сондай-ақ, Трамптың екі сөзінің бірі «ақша, пайда табу». Сонда мемлекеттік саясат қайда қалады?

Трамптың Путиннің алдында өз салмағынан айрылып қалатының сыры неде екен осы?

Жалпы саясатта жеке бастың мүддесі деген боламайды. Әлемдік тәжірибе тек мемлекеттік деңгейде ғана ойлауды, сөйлеуді, өзін ұстауды талап етеді.

Ал мына заман не болып бара жатыр? Кім ұсақтап бара жатқан? Кімді алжығанға жатқызуға болады?

Жалпы, мемлекеттік саясат – ешкімге де ойыншық емес!

Шынында да В. Путин Трамптың АҚШ президенттігіне сайлау кезінде бәсекелесі Хиллари Клинтонды қалай, кімнің «зор көмегі» арқасында жер соқтырып кеткенін, оның құпиясын білетін жалғыз адам сияқты.

АҚШ президенті Ресей президентімен еш куәсіз оңашада ұзақ сөйлесулерінің де сыры сол жұмбақ күйінде қалуда.

Сонымен Д. Трамп Путиннің алдында неге елпілдеп қалады екен?

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420