Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4851 7 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 13:37

Ұрлықшылар қоғамы...

Жап-жас жігітті, жалындап тұрған жігітті, қаланың қақ ортасында өлтіріп кетті. Ұрылар...

Бұл елді ұрылар құртып бітеді. Сауда орталықтарында күнде қалта ұрылары халықты зар еңіретеді. Қоғамдық көлікте тағы ұрлайды. Подъездерде тағы ұрлық. Көліктің әйнегін, оның ішіндегі затты тағы ұрлайды. Ауылда ол жылқыны үйірімен барымталап жатыр. Бас жақта ол миллиондап, сөмкелеп ұрлап, шетелге тайып жатыр. Барлық жерде ұрлық. Ұрлықшылар қоғамы...

Денис те сондай ұрылардың қолынан қаза тапты. Көліктің әйнегі үшін, бар-жоғы 100 мыңдық әйнек үшін жалындаған жас ғұмырды кесе салды. Ойланбастан. Неге? Өйткені бұл ұрылар мен кісі өлтіргіштердің қоғамы. Бұл қоғамда адам итті, мысықты, жануарды аяуы мүмкін, бірақ бір-бірін аямайды. Шыбын өлтіргендей өлтіре салады. Бұл қоғамда тіпті бес жасар баланы көлікпен таптап, кілемге орай салады. Бұл қоғамда бес оқитын баланы зорлап, жылы жауып қоя салады. Бұл қоғамда бесіктен белі шықпағандар бес теңге үшін бес адамды ойланбастан ата салады. Бұл қоғамда ізгілік жоқ.

Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394