Жұма, 22 Қараша 2024
3814 7 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 17:36

ИМ тобы Тәжікстанда шетелдік туристерге шабуыл жасағандардың ант беру сәтін жариялады

Мұны осы топқа жақын Amaq ақпараттық сайты жариялаған. "Шабуылдаушылар ИМ сарбаздары және олар коалицияға мүше елдердің азаматтарын нысан ретінде таңдап алды" делінген мәлімдемеде.

Оқиға шілденің 29-ы күні Тәжікстанның Хатлон облысы Даңғара ауданында орын алды. Белгісіз біреулер велосипедпен саяхаттап жүрген шетелдік туристер тобын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан АҚШ-тың екі азаматы, голландиялық және Швейцарияның бір азаматы қаза тапты. Тағы бірнеше шетелдік жараланып, ауруханаға жеткізілді.

ИМ идеологиясын жүргізетін Amaq ақпараттық сайты 31 шілдеде видео жариялады. Онда шетелдік туристерді өлтірді деп айыпталып отырған төрт жас жігіт ИМ басшысы Әбубәкір Әл-Бағдадиға ант беріп жатыр. Ант берушілер талдың астында, Нүрек суқоймасы жағасында отыр, олардың артында ИМ-нің қара жалауы ілулі тұр.

Видеороликте терактіден кейін ұсталды деп хабарланған Хусейн Абдусамадов орыс тілінде сөйлейді. Видеодан ұстау кезінде қарсылық білдіргендіктен өлтірілді делінген Джафаридин Юсупов пен Зафар Сафаровты да байқауға болады. ИМ шетелдік туристерге шабуылды мойнына алған.

Тәжікстан бас прокуратурасы бұл оқиғаға қатысты терроризм және адам өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321