Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4474 0 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 18:17

Қырғызстанда болған тас көшкінінен зардап шеккендер арасында Қазақстанның төрт азаматы бар

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қырғызстанда таудан құлаған тас көшкінінен зардап шеккендер Қазақстанның қай өңірлерінен екенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаза болған азамат Алматы тұрғыны», - деп нақтылады министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, зардап шеккен тағы екі адам да Алматыдан болса, үшіншісі Өскемен қаласының тұрғыны.

«Олардың барлығы ер азаматтар. Зардап шеккендердің денсаулықтары келген бойда Алматы әуежайында тексерілді. Содан кейін олар Алматының медициналық бөлімшелеріне тапсырылды. Дәрігерлердің хабарлауынша, бұл адамдарды ауруханаға жатқызу қажеттігі болмаған», - деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин.

«Ол (қаза болған азамат) 1976 жылы туған. Алматыдағы ғылыми-зерттеу институттарының бірінде жұмыс істеген. Қазір оның денесі Алматыға жеткізілді», - деді Ю. Ильин.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тас көшкініне тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі бір қазақстандықтың мерт болғанын растады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 754
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723