Сүлеймен МӘМЕТ.Жер мәселесі желі тартқан
Қазақ жұртының басынан өт¬кен қилы кезеңдер тәу етер тәуе묬сіздігімізді алған соң қағаз бетіне түсіп, кітап болып жарық көріп жатыр. Сол кітаптарды па¬рақтап отырғанда, бодандықтың қамыты басыңа шеңбер болып киілгенін, шер-шемен болып, жү¬ректерде қатып қалғанын көресің. Осының жерге байланыстысын ше¬жіре қы¬лып, шертіп жүрген жазу¬шы Са¬па¬бек Әсіпұлы десек қате¬лес¬пей¬міз. Ол кісінің таяуда Ал¬маты¬дағы “Қазақстан” баспа¬сы¬нан “Қау¬қарсыз қазақ мәсе¬лесі” де¬ген кітабы жарық көрді. Мұ¬ның алдында “Қазақ қасіреті”, “Қବтер¬лі дерт, қалжыраған ха¬лық” деген көлемді дүниелері жұрт қо¬лына тиген еді.
Мына көлемді кітаптың ал¬ғаш¬қы бетін ашқанда орыс пат¬ша¬сының қазақ жұртына жасаған қысастығына куә боласың. Же¬рі¬нен айырып, өз билігін өзіне бермей уыста бүріп ұстайды. Оны өзге емес, сол ұлттың зиялы өкіл¬дері жандары күйіп тұрып айтады. Мысалы, орыс Думасының депу¬таты Сидельников деген азамат 1907 жылы былай депті: “Жері¬нен айырылған қазақ сорлылар – 92 мың үй, қыстың күні судан шығарып алып мұздың үстіне тастаған балық сияқты тулап жатты”. Судан шыққан балықтың күйі белгілі. Қазақ осындай адам айтса сенгісіз сұмдықтарды бас¬тан аз өткерген жоқ. Бірақ, еш¬кімге залалы жоқ, жауына да қо¬лындағы барын беретін ұлы қасиет оны қанша зардап шексе де, аққа құдай жақ деп жойы¬лудан сақтап қалды.

Жалпы, кітаптағы мақалалар¬дың бәрі Отанымыздағы белді де, белгілі басылымдарда жарық кө¬ріпті. Тәуелсіздігімізден кейінгі еңсе тіктеген жылдар ішіндегі қол жеткен жетістіктеріміз бен әттеген¬ай¬ларымыз да жинақтан орын тауып¬ты. Сол секілді ұлт зиялыла¬рының ұлтты қайтсек өзгелерге те¬ңес¬тіреміз, қатардан қалдырмай¬мыз деген ойлары да әдемі берілген екен. Мәселен, хас батыр Бауыр¬жан Момышұлы қазақ тарихының шынайы шырақшысы болған Ер¬мұхан Бекмаханов туралы айта ке¬ліп, оның мынандай сөзін мысалға келтіріпті: “Қиянаттың үлкені – халықтың өз тарихын өзінен жасы¬руы екен. Бұл – ұлттық сананы жоюдың төте жолы ғой. Ал ұлттық санадан айырылған ұлт болудан қалады. Осыны біздің көп тарих¬шыларымыз түсінсе де, түсін¬бе¬ген түр танытып жүр... Кенесары кө¬терілісінің басты қозғау күші хал¬қы¬мыздың ар-намысын отар¬шыл¬дар табанына таптатпау, ерік¬ті ел болу идеясын алға шы¬ға¬ру еді. Осы идеяны ашып көр¬сеткенім үшін “халық жауы” атанып, жазықсыз¬дан 25 жылға сотталып кете бар¬дым”. Ұлы та¬рих¬шының тағдыры осылай болған.
Кітаптағы тағы бір қозғалған мәселе, қазақтардың геосаяси қу¬ғын-сүргін құрбандарына айна¬луы¬¬ның себеп-салдары еді. Әсі¬ресе, пат¬¬ша өкіметінің қазақ хал¬қын тарыдай шашып жіберіп би¬лей беру жөніндегі сұрқия идея¬сы, оған қо¬са, ұлан-байтақ жерін басып алу¬дың зымиян жолдарын ойластыруы нақты дәлелдермен қарастыры¬лып¬ты.
Жинақтың негізгі құрылымы қа¬зақ жерін сақтап қалу, шөл-шө¬лейт аймақтарды халықтың игілі¬гіне жарату десек, қазір біраз әң¬гі¬меге арқау бола бастаған са¬тыл¬ған жерлер мен жалға берілген өңірлердің болашағы туралы да автор өз байлам-пайымдарын алға тарта отырып, ой өрбітеді. Ұрпақ¬ты ұлтын сүюге, халқын қадір¬леуге тәрбиелеу жайы да тілге тиек болып, Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін қажет мәселелер де ортаға салынған.
Қарт қаламгердің қазақ ұлтын қайтсек сақтап қаламыз, қазақ идеясының қалай алтын қазығын қағып жұртты соның айналасына топтастырамыз деген тұжырымда¬ры кімнің де болса санасына сәу¬ле түсірері анық. Әр азамат дәл Сапабек Әсіпұлындай ұлтына қызмет етсе, ұйқыдағы ой оянып, жігерге қанат бітер еді. Әрине, жинақты оқып отырғанда, “Ашын¬ғаннан шығады ащы да¬уы¬сым” деп қалыптан асып кете¬тін тұстар жоқ емес. Ашық қо¬ғам¬да, демократиялық үрдіс қалып¬тасып келе жатқан заманда ондай ой-пікір де керек секілді. Қалай десек те, бұл кітап қазақ ұлтының өткені мен бүгінгісін таразы басында теңдеген шерлі шежіре десек асырып айтқандық емес.
Сүлеймен МӘМЕТ.
«Егемен Қазақстан» газеті 10 маусым 2009 жыл