Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 14915 0 пікір 7 Наурыз, 2011 сағат 23:00

Асыл жандар - аналар мен арулар

Ана. Дүниедегі ең аяулы сөз. Бұл сөзге бар әлемнің мейірімі мен махаббаты сыйып тұр. «Алып та анадан туады». Ана - өмірдің, тіршіліктің тұнық бастауы. Тұнықтық та, мөлдірлік те, тазалық, махаббат та Ана сөзінің астары, мағынасы.

Қазақтың аналары - тұнып тұрған ұлттық тәрбиенің, салт-сананың, дәстүр мен ғұрыптың, күрескерліктің тұмасы. Әр Алаш баласы арғы-бергі тарихта және бүгін қазаққа қызмет етсе, ол - қасиетті қазақ анасының еңбегі. Егер біздің бойымызды ұлттық намыстың, қайсарлықтың, өжеттілік пен ерліктің қаны ойнап тұрса, ол - Аналарымыздан.

Ал, Ананың арғы тегі - қыз. Қазақ қай заманда да қызының басынан құс ұшырмаған халық. Қыз -намыс. Қыз - ар-ұят. Қыз - ұлттың қызғалдағы. Алаштың аспанын бұлт торлаған кезеңдер де алдаспандай жарқылдаған қазақтың асыл текті арулары. Алаштың ары - арулары.

Ұлттың ұрпағын сол халықтың рухында өсіріп, әрбір кішкентай мемлекет - отбасының тыныштығын, береке мен бірлігін сақтап, жылылық пен жан шуағына бөлеп сол арқылы елдің, мемлекеттік діңін ұстап отырған Аналарға мың тағзым!

Жүректердің қылын шертіп, қан ойнатып құлпырған, тірсегіне түскен бұрымын текті ұлдар тағдырына балап жастық отын жандырып өмірдің сәні мен мәніне айналған қазақ қыздарына мың тағзым!

Барша Аналар мен аруларды 8-нші наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен abai.kz тобы шын жүректен құттықтайды. Әрбіріңізге күллі жақсылықты тілейміз!

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

Еркін Нұржановтың орындауындағы Шәмші Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әні

Халық әні "Ақерке"

Әнші, композитор Роза Әлқожаның орындауындағы ән

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404