Ғаббас Қабышұлы.«Бұлбұл»
Сықақ
Бұл өмірде сен көріп, өзгелер көре алмай, өзгелер біліп, сен біле алмай жүрген нелер көп, өте көп. Сондай нені мен де өткен аптада басымнан өткізіп, әйтеуір, несін салғанда, өкінішке жем болмайтын жол тауып кеттім. Маған бұлбұл керек болған. Айтқан нені ұғар жасымда-ақ бұлбұл дегеннің барын естіп, кейін нелерде көріп жүрдім. Сонсоң, қашанғы көре берейін, біреуін сатып алып, үйде ұстағым келді. Қаланың қақ ортасында жоғарғы табалдырығына... тоқта, олай емес, жоғарғы емес, төменгі... жоқ, просто несіне... маңдайшасына «Зоодүкен» деп не ілген дүкенге бармақ болып, ақындарша айтқанда, «күнмен бірге көтеріліп», көшеге нетіп, аутобус келе қалып, мініп алып, бір бос орындыққа жалп етіп едім, біреу желкемнен нетті. Жалт қарасам... о-о-ойба-а-ай... Ожарбай!
-Өй!
-Әй!
-Сенсің бе?
-Сен ше?
-Мен ғой, Ожеке!
-Мен ғой, Божеке!
Екеуіміз қол алысып, қол берісіп, нетістік те қалдық.
-Тише! - деді жұрттан жолақы жинап жүрген дәу жігіт, біздің жанымызға келіп, менің екі алақанымдай бір алақанын жайып.
-Мен бергенмін, - деді Ожарбай.
-Мен беремін, - дедім мен.
Дәуден құтылдық.
-Екеуіміз кездеспегелі неше жыл, а? - деді Ожекем.
-Сегіз жыл бір үйде неттік қой, сен қай жылы көштің осы? Қай микрорайонда тұрасың? - дедім мен.
Сықақ
Бұл өмірде сен көріп, өзгелер көре алмай, өзгелер біліп, сен біле алмай жүрген нелер көп, өте көп. Сондай нені мен де өткен аптада басымнан өткізіп, әйтеуір, несін салғанда, өкінішке жем болмайтын жол тауып кеттім. Маған бұлбұл керек болған. Айтқан нені ұғар жасымда-ақ бұлбұл дегеннің барын естіп, кейін нелерде көріп жүрдім. Сонсоң, қашанғы көре берейін, біреуін сатып алып, үйде ұстағым келді. Қаланың қақ ортасында жоғарғы табалдырығына... тоқта, олай емес, жоғарғы емес, төменгі... жоқ, просто несіне... маңдайшасына «Зоодүкен» деп не ілген дүкенге бармақ болып, ақындарша айтқанда, «күнмен бірге көтеріліп», көшеге нетіп, аутобус келе қалып, мініп алып, бір бос орындыққа жалп етіп едім, біреу желкемнен нетті. Жалт қарасам... о-о-ойба-а-ай... Ожарбай!
-Өй!
-Әй!
-Сенсің бе?
-Сен ше?
-Мен ғой, Ожеке!
-Мен ғой, Божеке!
Екеуіміз қол алысып, қол берісіп, нетістік те қалдық.
-Тише! - деді жұрттан жолақы жинап жүрген дәу жігіт, біздің жанымызға келіп, менің екі алақанымдай бір алақанын жайып.
-Мен бергенмін, - деді Ожарбай.
-Мен беремін, - дедім мен.
Дәуден құтылдық.
-Екеуіміз кездеспегелі неше жыл, а? - деді Ожекем.
-Сегіз жыл бір үйде неттік қой, сен қай жылы көштің осы? Қай микрорайонда тұрасың? - дедім мен.
-Мен бе?.. Мен сендерден көшкелі... обшым мен 1997-жылы көштім. «Көксай-19» деген микрорайондамын.
-Қаскелеңге нетіп қалған екенсің ғой?
-Сен қайда кетіп барасың? - деді Ожекем.
-«Зоодүкенге». Бұлбұл сатып аламын! - дедім мен.
-Өй, сен дүкенді қой! Қазірде дүкендерде дұрыс тауар жоқ, барының бәрін екі есе, үш есе қымбаттатып қойған, бәрі жекеменшік пәле емес пе?! Құдай біледі, бұлбұл онда бұзаудан да қымбат. Сен тура «Барахолкаға» тарт! «Барахолка» деген базарды білесің ғой? Онда адамнан басқаның бәрін сатады. Адамды да сататын шығар, оны кім біліп жатыр?! Онда әрі таңдап жүріп аласың, дүкендегідей арық-тұрақ онда болмайды, әрі арзанырақ, любой бұлбұл примерно тауықтың бағасындай болатын шығар, - деп Ожекем бастырмалатып жөнеліп еді:
-Әй, шал! Алтынсаринада түсуім керек деп едің, қазір Алтынсарина болады, бұлбұлша сайрамай дайындал! - деп күжілдеді ақша жиғыш дәу, біз жаққа мойнын соза қарап.
-Ә, мен келіп қалған екенмін ғой, ал, Божеке, аман бол! Бір қалада тұрып кездесе алмайтын, дұрыстап сөйлесе алмайтын заман болды, ал сау бол! - деп Ожекем ұшып тұрып, ол маған қолын нетті.
-Аман-есен жүр! - деп мен оның қолын неттім. Қайтсін-ай, тіл мен жағына тыныштық таба алмай, іші әлі пысып жүр екен ғой!..
Үгіт-насихат түзелгенде тыңдаушы да түзеледі емес, Ожекеңнің өсиеті ішіме қона кетіп, келесі аялдамада нетіп, басқа аутобусқа ауыстым да, тура «Барахолкаға» жетіп бардым. Сұрай-сұрай бұлбұлдарды тауып алдым. «Павильон певчих птиц» деп тұр екен. Бұлбұлдан басқа да неткіштер бар екен-ау, ә?!.
Павильонға кірсем, - концертный зал! Жоғары-төменді сатыларда быжынаған құс. Әр құс өзінше нетіп отыр. Ондаған құстың арасында сатушы келіншек сыңар екен, мені сарыла сағынып күткендей ол да сайрай жөнелді, сайрай:
-Хош келдіңіз! Келіңіз! Сізге не керек? Таңдаңыз. Міне, фотоальбом, көріңіз. Осында отырған құстардың бәрінің аты-жөндері, өмірбаяны мұнда жазылған, кәне, не керек, айта қойыңыз!
-Сәлеметсіз бе? Маған бұлбұл керек еді.
-Нешеу?
-Біреу жетеді.
-Кәрісі, жасы?
-Әрине, жасы.
-Еркегі, еркек емесі?
-Әрине, еркегі. Ұрғашысы керек емес.
-Бізде бұлбұлдың, тотықұстың, шымшықтың, қараторғайдың және көкектің группалары бар, сізге қайсысы, қандайы, не дейтіні керек? Қатты сөйлеңіз, мыналардың дауыстары естіртпейді, -деп келіншек нете түсті.
-Мен бұлардың бәрін білем, маған тек бұлбұл керек. Шымшық, мысалы, нете береді...
-«Нете бередісі» немене, қалай?
-Ол шиқылдап отырып перерыв жасап, қасына береді. Қараторғай биікке шықса ғана нетеді, сайрайды, әйтпесе мылқиып отырады. Тотықұстар жалқау, өзі біліп ештеңе айтпайды, үйретсең ғана нетеді...
-Неткенді қойыңызшы, а?!
-Хорошо. Көкек төбесін ойсаң да түк түсінбейді, сұратпай-ақ өз атын өзі атауды ғана біледі, - культ личности. Мен бұлбұлды не... жақсы көрем.
-Жақсы көрсеңіз жақсы. Бізде, әнеки, ең жоғарғы орында үш түрлісі отыр, ең ақылдысы - ортадағы көкала. Дүние жүзінің байлары баратын Канары аралынан әкелінді. Оның әкесі... - деп келіншек маған біртүрлі қарады.
-Әкесі қайтыс болды ма?
-Жоқ, что вы?! - деп келіншек сылқылдап күліп алды да: - Оның әкесі - Ява аралының Тото деген тотықұсы, шешесі - сол Канарының Какава деген бұлбұлы.
-Қызық екен!
-Әрине! Ал ең қызығын айтайын: ғалымдар бұл породаны зерттегенде бұлардың жеті жүз жетпіс жеті сөзді жаттап алатын таланты барын тапқан.
-Анау қазір соны нете ала...
-Тфу! Неткенді қойыңыз дедім ғой?!
-Ә, иә, кешіріңіз, қойдым, міне, қойдым, сонда ол не айта алады?
-Нені үйретсеңіз, соны. Бірақ секреті бар. Біз ештеңе үйретпей сатамыз, инструкциясы солай. Сатып алған адам үйіне алып баруы керек те, үйрететін сөздерін оңашада оң құлағына сыбырлап айтуы керек. Қатты айтқанды қабылдамайды және сол жақ құлағы ештеңе ұқпайды.
-Вот қызық!
-Породасы сондай. Айтып бергеніңді қатесіз қайталайды, мен білем ғой, бізде бар.
-Сыбырлап айту керек, ә?
-Иә. Еще бір секреті: үйреткеніңді айтқызу үшін тұмсығына екі рет ақырын шерту керек.
-Ол оңай. Аты қалай?
-Ат керек емес...
Атсыз бұлбұлымды үйге алып келдім. Үй оңаша. Рахат. Әйелім мен балаларым қайын жұртымда. Сенбі-жексенбіге кеткен.
Сатушы келіншек атсыз бұлбұлымның ақ күрішті жақсы көретінін айтып еді, рас екен, бір уысын шайнамай-ақ қылғытты. Мен де сөйтіп, екеуіміз іске кірістік. Алғашқы ыстық лебізім жиырма жылғы баламасыз жалғыз бастығыма арналуы керек. Атсызымның оң құлағына екі ернімді астылы-үстілі тіреп қойып, сайрап жөнелдім: «Аса ардақтының ардақтысы Нойсырттан мырза! Сіздің арқаңызда пицца жеп, кока-кола ішіп жүрген он мың оқымыстының ортасындағы тарихшы ғылым докторы, профессор - мен - өзімді бақытты ғалым деп санаймын! Сіздің қоластыңызда ертеңгі академик емес, мәселен, аттестатсыз ауласыпырушы болсам да, мен ең бақытты қазақтың бірі болар едім, өйткені сіз феноменсіз, ғажап адамсыз, данасыз, кемеңгерсіз, әулиесіз! Мен сіздің атадан арыстан боп туған батырлығыңызға, анадан данышпан болып туған ақылдылығыңызға қайран қаламын! Бізге әлі де жиырма жыл көсем болып, жүз жасасаңыз екен! Айналайын Нойеке, Сіз - аспандағы жарық жұлдыздардың сұлтанысыз! Сіз - Петр первыйсыз, Вашингтонсыз, Черчилльсіз, Аденауэрсіз, Рузвельтсіз, Ататүріксіз! Сіз - үш қанатты қырансыз! Сіз - маңдайымызға біткен данышпан перзентсіз! Сіз - просто Иса пайғамбардың сөзісіз! Сіз - почти Нұх пайғамбардың өзісіз! Сіз Мұхаммед пайғамбарға ұқсайсыз! Сіз... садағаңыз болып кетейін Нойеке, сіз... мен күнде ұйқыдан ояна сала умоляю бога, чтобы вы были вечно в отличной деловой и спортивной форме! Сіз... біз... сіздей ұлы адам барда - біз бармыз! Өзіңізге арналған бұл асыл тілектің авторы - өзіңіздің құлыңыз, өзіңіздің үмбетіңіз Мырзыр Жиынтықов».
Сайрап болып, атсызымның қанат-құйрығын тарай сипап отырып, ентігімді басып, есімді жидым. Нойекеңе арнау сөз айту дегеніміз, құрметті мырзалар мен ханымдар, Есіл мен Іле өзендерінің орындарын ауыстырумен бірдей дей аламын! У-у-уһх!..
Атсызымның оң құлағын құшырлана иіскедім де, инструкциясы бойынша тұмсығына ақырын ғана екі рет шертіп едім, бұлбұлым бір сілкініп алды да, сайрай жөнелді. Ауыз-мұрнымды бос алақаныммен қымтай қойып, ал тыңдайын. О, жаратқан жақсы ием! Әкесі Тотодан, шешесі Какавадан айналайын атсызым менің тарихи жолдауымды сөз-сөйлемдерінің бір үтірін де, бір нүктесін де қалдырмастан қайталап шықты!..
Уәй-уәй-ай! Менен бақытты кім бар екен, ә?!. Шіркін-ау, кім көрді, кім естіді?!. Не десем екен, не істесем екен?!. О! Алдымыздағы сенбіде Нойекеңнің үйінде ұлы той болады! Немересі Миллиардерболаттың жасы алтыға толады! Сол айналайынды сәтін келтіріп шақырып алайын да, мына бұлбұлымды: «Жаным, Миллиардым! Сенің туған күніңе силығым!» деп құшақтатып, мұны қалай сөйлету керегін құлағына құйып берейін. Нойекем тыңдап, ақ моншада отырғандай бір рахаттансын! Оның рахаттанғаны - біздің рахаттанғанымыз!
«Абай-ақпарат»