Сенбі, 23 Қараша 2024
3061 2 пікір 20 Тамыз, 2018 сағат 16:42

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді.

– Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды, – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434