Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2888 0 пікір 11 Наурыз, 2011 сағат 01:43

Астана аумағында жермен жұмыстарды жүргізуге рұқсатты МСҚБ басқармасы беретін болады

ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жаңа ережелерге сәйкес, мердігерлер Астана қаласының аумағында қазу, жол төсемдерін бұзу жұмыстарын жүргізуге рұқсатты Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (МСҚБ) басқармасынан алатын болады.

Бұл туралы бүгін қала әкімдігінен хабарлады.

«Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы шешімімен бекітілген Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидаларына өзгертулер енгізілді. Өзгертулерге сәйкес, бұдан былай барлық заңды және жеке тұлғалар жол төсемдерінің, жаяу жолдардың, гүлзарлардың және қала аумағындағы басқа да шаруашылық нысандардың бұзылуына әкеп соғатын және қала аумағын қазуға байланысты жұмыстарды жүргізуге рұқсатты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органынан алатын болады», - атап өтті әкімдіктен.

МСҚБ қала аумағын қазуға құжаттарды қабылданғаннан кейін, үш күннің ішінде оң не теріс шешімін береді.

Онымен бірге, мердігер жұмыстар басталғанға дейін үш күн бұрын, жұмыс аумағына инженерлік коммуникацияларды іске қосатын мекемелерді шақыруы тиіс. Олар өз кезегінде төселген жүйелер мен құрылымдардың орналасқан жерлерін анықтап, олардың апаттық жағдайын болдырмау мүмкіндіктерін қарастырады. Сондай-ақ берілген рұқсат қағазында жұмыстардың аяқталу мерзімі көрсетілетін болады. Ал мерзімді ұзарту объективті себептер ұсынылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Осылайша, қала әкімдігі тұрғындарға жайсыздық тудыратын коммуналдық желілердегі апаттардың алдын алуды,  мердігерлерді тәртіпке шақырып, қаланы абаттандыру мәселелеріне қосымша бақылау жүргізуді көздеп отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439