Оның айтуынша, мұндай ұсынысты қырғыз тарапы жасаған.
"Сол арқылы өткізу мүмкіндігі артады. Мұндай өзгеріс аталған пунктердің инфрақұрылымын жетілдіруді талап етеді", - деді Сағынтаев.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 4 халықаралық және 4 екіжақты өткізу пунктері жұмыс істейді. Күніне шекара арқылы 30 мыңға жуық адам өтеді.
Солардың ішіндегі ең ірісі - "Ақ Жол" өткізу бекеті. Бішкек қаласына жақын орналасқан бекет арқылы күніне 12 мың адам және 500-600 автокөлік өтеді.
Туристік маусым уақытында күн сайын екі ел шекарасынан 70 мыңға жуық адам өтеді.
Abai.kz