Сенбі, 23 Қараша 2024
3104 0 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 15:53

АҚШ пен Ауғанстан Мәскеудегі келіссөздерге қатыспайды

Құрама Штаттар мен Ауғанстан келесі айда Ресей ұйымдастыратын бейбіт келіссөздерге қатыспайтындарын мәлімдеді.

Ауғанстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Сибгатулла Ахмадидің 22 тамызда мәлімдеуінше, Мәскеудегі бейбіт келіссөздерден бас тарту туралы шешім ауған президенті Ашраф Гани мен басқа да ресми тұлғалардың кеңесуімен қабылданған.

Ақпарат құралдарының Ауғанстан үкіметіндегі дереккөзге сүйеніп хабарлауынша, Кабул тәліптермен шетелдің қатысуынсыз тікелей келісөздер жүргізуді қалайды.

Бұл уақытта АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мәскеуде 4 қыркүйекке жоспарланған бейбіт келіссөздерге Құрама Штаттар қатыспайтындығын растады. Оның айтуынша, "мұндай келіссөздердің нәтижесінде бейбітшілік орнату мүмкін емес".

Ресей Мәскеудегі бейбіт келіссөздерге "Талибан" қозғалысы мен 12 елді шақырған. Олардың ішінде АҚШ пен Ауғанстан бар. "Талибан" өкілі Забиулла Муджахид қозғалыс делегациясын Ресейге жіберетінін мәлімдеген.

2015 жылы НАТО күштерінің көп бөлігін Ауғанстаннан шығарған соң елде жанжал шиеленісе түсті. Өткен аптада "Талибан" өкілдері биліктің үш ай бітім туралы ұсынысына жауап бермеді. Пентагон тәліптерге Ресей көмектесіп отыр деп бірнеше мәрте мәлімдеген. Ресейдің сыртқы істер министрлігі мұндай айыптауларды негізсіз деп атады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394