Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2449 0 пікір 14 Наурыз, 2011 сағат 05:35

Қазақстандық боксшылар Баку турнирінде 3 алтын, 2 күміс жеңіп алды

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - 9-13 наурыз аралығында Бакуде өткен бокстан «Ұлы Жібек жолы-2011» халықаралық турнирінде қазақстандық боксшылар 3 алтын және 2 күміс медальді олжалады.

10 салмақ дәрежесі бойынша өткен доданың ақтық кезеңіне Қазақстан құрамасынан 5 боксшы өте алды. Алғашқы жоғары дәрежелі жүлдені 56 кг салмақта өнер көрсететін Мәди Шолақов қоржынымызға салған болатын. Финалдық кездесуде ол Рагим Наджафовтан айласын асырды. Бұл сыннан кейін шаршы алаңға Ғани Жайлауов пен грузиялық Нике Изория шықты. Жекпе-жек жерлесіміз Ғ. Жайлауовтың жеңісімен аяқталды.

Ал 64 кг салмақ дәрежесінде бокстасатын тағы бір қазақстандық Алмасбек Әлібеков жергілікті боксшы Анар Жафаровтан ұтылды, сөйтіп күміс жүлдені қанағат тұтты.  Үшінші алтын медальды Бақытжан Қожабеков еншіледі. Ол өзінің қарсыласы тағы бір әзірбайжандық Еміл Ахмедовты жеңді. 75 кг дейінгі салмақта Данабек Сужанов ресейлік Дмитрий Биволдан басым түсе алмады. Оның еншісіне күміс медаль бұйырды.  Осылайша, Мырзағали Айтжановтың тәлімгерлерінің қанжығасы 3 алтын және 2 күміс жүлдемен майланды.. Ресей мен Әзірбайжан боксшыларының қорында да 3 алтыннан бар. 49 кг. салмақ дәрежесінде бір алтынды Түркия боксшысы Фархад Пехлеван жеңіп алды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4916
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113