Ауызбiршiлiкке ұмтылдыратын - ата-баба дәстүрi екенін ескергеніміз маңызды!
Құрметтi бауырлар, өркениеттi елдер қатарына қосылудың кiлтi - ата-баба дәстүрiне берiк болу екенiн ұғынатын кез келдi!
Қазақ тәңiршiл болған кезiнде де, мұсылмандықты қабылдаған соң да ең алдымен ата-баба аруағына сенген және сиынған.
"Аруағын сыйламаған, аруақтан қорықпаған адам - құдайдан да қорықпайды" деген ұғым содан қалыптасқан.
Жауға шапқанда да ата-бабаларымыз "аллақакбар" деп емес "Аруақ" деп шапқан.
Ата-баба аруақтарына сиынып өлiмге қарсы тұрып, аз ғана қолмен сан жағынан 10-15 есе асып түсетiн жауды жеңiп отырған.
Аруаққа сиынғанның арқасында кең байтақ жердi сақтап қалған.
Аруаққа сиынған қазақ баласы ешқашан сатқындыққа, арамдыққа бармаған, намысшыл және адал болған, өз ұлтының мүддесiн бәрiнен жоғары қойған!
"Қайда болсаңда ата-бабаңның аруақтары желеп-жебеп жүрсiн"-деп бата берiп балаларын, бауырларын немесе бiр-бiрiн рухтандырған.
Ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүрiмiздi ұстансақ, ешқашан азғындық жолына түспейтiнiмiз анық!
Себебi, ата-бабасының аруағын қастерлеген қазақ баласы, ата-бабасының атына қарғыс келтiруден қорыққан. Аруаққа құран бағыштап оқыған және оқып жүр.
Аруаққа деген құрмет қана азғындыққа жiбермеген.
Аруақты ұмытпау, сыйлау бiздi қайырымдылыққа, жақсылыққа, бiлiмдi болуға, iзгi-ниетке, адамгершiлiк қасиеттi жоғалтпауға, елiмiздi сүюге және оны қорғауға ұмтылдырады.
Ауызбiршiлiкке ұмтылдыратын да осы ата-баба дәстүрi екенiн ескергенiмiз өте маңызды!
Дәуренбек Нысановтың facebook парақшасынан
Abai.kz