Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1981 0 пікір 15 Наурыз, 2011 сағат 07:34

Атыс қаруымен шабуыл жасаған қылмыскер қолға түсті

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат. /Айнұр Кенебаева/ -  Астана қаласының тәртіп сақшылары  атыс қаруымен шабуыл жасап, жәбірленуші азаматтың өліміне себеп болған қылмыскерді қолға түсірді.

Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

ІІД мәліметтеріне сәйкес, қылмыскер «Опель» маркалы автокөлік жүргізушісін «Субару» маркалы автокөлігімен жол жиегіне ығыстыра мәжбүрлеп тоқтатып, 3 рет оқ атып, жәбірленушіні жарақтаттаған және қылмыстық оқиға үстінен із жасырып кеткен.

Оқиға Республика даңғылындағы «Шамбала» дәмханасы аумағында 2010 жылдың 3 қыркүйегінде түнгі сағат екі шамасында орын алған.

«Атыс қаруынан болған бауырдың зақымдану жарақатымен және қолына оқ тиген, екінші дәрежелі геморрагиялық естен тану» диагнозымен № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген 1984 жылғы азамат ауыр жарақат салдарынан ес жимастан қайтыс болған.

ІІД Тергеу басқармасы қызметкерлерінің іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын бірнеше рет сотталған аталмыш қылмысқа жауапты 33 жасар азамат ұсталды. Тексеріс барысында күдіктіден «ТТ» маркалы әскери тапанша мен 9 оғы бар оқшантай тәркіленді.

Қылмыскердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-бөлімі, 251-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, азамат тергеу изоляторына тоғытылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517