Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2263 0 пікір 17 Наурыз, 2011 сағат 12:27

Жалғас Ертай. Қазақ блогшылары бас қосады

Наурыздың 19-20-сы күндері «Мінбер», «Медианет», «AsClub», «MediaLab»  журналистік орталықтарының ұйымдастыруымен Алматыда тұңғыш рет қазақ блогшыларының әлемге танымал баркэмп форматындағы бейресми жиыны өтеді.

«Блог құрылтай» немесе блогшылардың бейресми жиынының негізгі мақсаты - қазақтілді жаңа медианың дамуына ықпал жасап, оның сапасын арттыру. Оған Қазақстаннан 150-ден астам блогшы қатысуға ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар шетелде (Қытай, Моңғолия, Франция) тұрып жатқан қазақ диаспорасының өкілдері де келмек. Жаңа медиаға қызығушы топ екі күн бойы өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, жай танысады, достасады т.б

Қазіргі таңда шамамен 300-ге тарта белсенді қазақтілді блог бар. Олардың басым бөлігі әлемдегі ең танымал блог-платформасының бірі wordpress.com-да шоғырланған. Қазіргі кезде блогшыларға өздерін толғандырған мәселелерді оффлайн режимде ашық талқылауға мүмкіндік беретін пікірталас алаңы жетпей жүргені анық. Дәл осы мақсатта аты аталған ұйымдар блогшылардың басын біріктіруді мақсат етіп отыр.

Жиын презентация, шеберлік сыныптар, талқылау, бейресми отырыстар, кездесулер түрінде өтеді. Онда негізінен жаңа медиа, әлеуметтік желілер, блогтың дамуы сияқты қазнеттегі өзекті мәселелер талқыланады.

Блогкэмп аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған блогтар байқауы және үздік жобаларға қаржылай қолдау көрсету  бағдарламасының нәтижесі белгілі болады. Байқаудың мақсаты - қазақ блогосферасының дамуына жағдай жасау, блогшыларды ынталандыру әрі жаңа жобалардың пайда болуына жәрдемдесу.

«Қазнетте шешілмеген проблемалар көп екенін бәріміз білеміз. Бұл жиынның ерекшелігі - қатысушылар мәселелерді абстрактылы түрде көтеріп қана қоймай, оның шешу жолдарын ұсынады»,- дейді «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының өкілі Асхат Еркімбай.

Жиынға танымал ІТ-компаниялар, түрлі ұйымдар демеушілік танытып отыр. Атап айтқанда, серіктес ұйымдастырушы - ҚМЭБИ, бас демеуші - Kcell компаниясы, техникалық демеуші «Қазақтелеком» АҚ. Сонымен қатар жиынды қолдаушылардың арасында Nokia, HP сынды ірі компаниялар бар.

Анықтама: блогкэмп - бұл (ағылш. blogcamp) арнайы ұйымдастырушысы жоқ, еркін форматта өтетін блогшылардың бейресми жиыны.

Барлық ақпарат құралдарын наурыздың 19-ы күні өтетін арнайы баспасөз мәслихатына шақырамыз. Бұдан бөлек, наурыздың 20-сы күні сағат 16.00-да болатын үздік блогшылар мен үздік жобаларды марапаттау рәсімін де өткізіп алмаңыздар!

Өтетін орны: Алматы қ-сы, Абай көшесі 2, ҚМЭБИ ғимараты, New Building корпусы. Баспасөз мәслихаты сағат 10.30 басталады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475