Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2153 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 01:20

ҚР Президенті мен РФ Үкіметі Төрағасының кездесуі барысында әлемдік экономика мен саясатты дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды

ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Ресей екі жақты өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық пен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікті сенімді дамытуға өзара мүдделес екендігі атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы қызметінің табысты басталғанын, үш елдің Бірыңғай экономикалық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың өнімді жүріп жатқанын атап өтті.

Ресей Үкіметінің басшысы атап өткендей, бұл Қазақстан көшбасшысының идеясы, ол бүгінде табысты іске асуда.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге Қазақстан экспортының көлемі 30% артқанын және Қазақстанға Ресей импорты 30% өскенін атап өтті. Бұл Кедең одағының арқасында қол жеткен екі жақты қатынастардың жақсы көрсеткіші.

Әнгімелесушілер Кеден одағы және алдағы уақытта БЭК-ті құру аясында интеграцияны тереңдету, бәрінен бұрын, екі ел азаматтарының мүдделерін көздейтініне тоқталды. Ол қазақстандық және ресейлік экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, біздің елдеріміз бен халықтарымызды бір-бірімен етене жақындата түседі.

Кездесу үстінде Қазақстан мен Ресейдің 2011 - 2012 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын, әсіресе нақты бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру барысы туралы әңгіме қозғалды.

Қазақстан Президенті мен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы екі елді одақтастық қарым-қатынастарды тереңдетуге, тату көршілестік пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ортақ ұстаным біріктіретінін ерекше атап өтті.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ саясат және әлемдік экономиканы дамытудағы бірқатар өзекті мәселелер туралы пікір алмасылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470