Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2126 0 пікір 18 Наурыз, 2011 сағат 01:22

Ресей мен Қазақстан солтүстік Каспий теңізіндегі кен ошағын игеруде «50 де 50» ұстанымын қуаттайды - В.Путин

МӘСКЕУ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей мен Қазақстан Cолтүстік Каспий кен ошағын игеруде «50 де 50» ұстанымын қуаттайды.

Бұл туралы бүгін РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуі барысында мәлім етті.

«Бүгін біз Каспий теңізіндегі бірлескен жұмыстарға қатысты мәселені шешеміз. Сонымен қатар, Солүстік-Каспий мұнай құбырын жылына 67 млн. тонна өнім алуға дейін кеңейту болашағын қарау жоспарда бар. Яғни Қазақстанда өндіріліп жатқан мұнайдың барлығы дерлік қазір де, болашақта да Ресей арқылы тасымалданатын болады», - деп атап өтті Н.назарбаев.

Өз кезегінде В.Путин Каспий теңізіндегі кен ошағында жүргізілетін бірлескен жұмыстарға қатысты бұрынырақ қол жеткізіліген уағдаластықтарды атап өтті. «Ресей тарапы жұмыс істеу керек жердегі кен орны өте бай, ал Қазақстанға тиген бөлікте кен қазбаларын барлауда қор онша көп болмай шықты. Бұған қарамастан, біз өз уәдемізде тұратын боламыз және қол жеткізілген уағдаластық бойынша «50 де 50» ұстанымына сәйкес жұмыс істейтін боламыз», - деді РФ Үкіметінің басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470